«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАМАН ТАЛАБЫ – КӨПТІЛДІЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Самал ЖУАНЫШПАЕВА,  

М.Қозыбаев атындағы

СҚМУ-дің доценті.

 

Бүгінгі күні Қазақстанның Білім тұжырымдамасы жан-жақты, өрелі шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында білім беру мен ғылымға да ерекше көңіл бөліп, “Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды”, – деп атап көрсетті. Елбасының елімізде білім беру саласын дамыту туралы көтерген мәселелері негізінен педагог мамандарға жаңа мін-дет жүктейді. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбие-лейді, сондай-ақ білім негізі мектепте беріледі де, жоғары оқу орнында одан әрі мамандық бағытында қалана түседі.

Қазіргі заман талабының бірі – жас ұрпақты көп тіл білуге баулу. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр.

ЖОО-ның табалдырығын аттаған әр өзге тілді студенттің санасына бірінші күннен бастап “Мемлекеттік тілді меңгеру – әр қазақстандықтың борышы әрі міндеті” екендігін, қазақ тілі ертеңгі күні оның маман болып, үлкен өмірге араласқанда қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетіні, жұмысы мен күнделікті өміріне қажеттігі жарайтынын туралы түсінікті қалыптастыра отыра, мемлекеттік тілде өтілетін әр шараға жауапкершілікпен қарап, белсенді түрде қатысулары қажет екендігі жан-жақты түсіндіріледі. Жоғары оқу орындарының басты мақсаты – қазіргі заман ағымына сай бәсекеге қабілетті білімді де білікті, жоғары интеллектілі, мемлекеттік тілге жетік маман даярлау. Университетте жүргізілетін орыс аудиториясына арналған қазақ тілі пәнінің негізгі міндеттерінің бі-рі – мемлекеттік тілді студент жастарға сөйлеу құралы ретінде меңгерту. Сол себептен де, қазақ тілі кафедрасының оқу бағдарламасы қазақ тілінің грамматикалық заңдылықтары бойынша теориялық материалдарды қажетті деңгейде бере отырып, студенттердің сөйлеу деңгейін, сөздік қорын барынша дамыту-ды көздейді. Яғни, жоғары оқу орнында мемлекеттік тіл қарапайым пайдалану, дербес пайдалану және іскерлікпен пайдалану жүйесі негізінде оқытылады. Сабақ барысында студенттер мемлекеттік тілде белгілі тақырып көлемінде ғылыми жоба, баяндама дайындауға, әртүрлі тақырыпта мақалалар жазуға машықтанады. Олардың жазған жұмыстары, мақалалары университеттің “Парасат” газетінде жарияланып отырады. Өзге тілді студенттердің сөйлеу мәдениетін дамыту сабақтан тыс уақытта да жүргізіледі. “Бір ел – бір кітап” аясында жыл сайын Абайдың қарасөздері, М.Әуезовтің “Қилы заман”, М.Жұмабаев лирикасы, Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” романы, Ж. Молдағалиевтің “Мен – қазақпын!”, өткен жылы О.Бөкейдің “Қайдасың, қасқа құлыным?!” сияқты көркем шығармалар оқылып, оқырмандарға арналған “дөңгелек үстелдер” өткізіледі. Ғ.Мүсіреповтің 110 жылдығына орай жерлес жазушы, қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткерінің өмір жолы, шығармашылығы мен азаматтық тұлғасын кеңінен таныстыру мақсатында студенттердің ғылыми-зерттеу конференциясы өткізілді. Оның қорытындысында ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Самат Еримов, жаратылыстану-жағрафия факультетінің студенті Нұргүл Сыздықова, Сәуле Табулдинованың баяндамалары үздік деп танылды.

Ал Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында “Елбасымыз – кемеңгер, Көші түзу – кемел ел” атты эссе байқауы ұйымдастырылды. Студент жастар осы байқауға белсенділікпен қатысты, нәтижесінде сазды-педагогика факультетінің студенті Эльмира Дарбаева бірінші орынды иеленсе, екінші орынды тарих және құқық факультетінің студенті Абылай Қазыкен, үшінші орын көлік-құрылыс факультетінің студенті Балғат Дүйсенге берілді.

Әлемдік ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің “Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы” деген сөзін ойға ала отыра, орыстілді ұл-қыздарымызды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдетғұрпын, салт-дәстүрін қадірлеуге, әдептілік, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында “Қыз сыны”, “Жігіт сұлтаны” сияқты байқаулар университетте жиі ұйымдастырылады. Онда әр студент факультет намысын қорғайды. Жастар бойына ұлтжандылықты сіңіру үшін өткізілетін “Мемлекеттік тіл – менің тілім!”, “Ана тілім – ардағым!”, “Қазақстаным – шаңырағым!” атты акциялардың да жүгі салмақты.

Қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен университетте Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты “Қазақ жазуын одан әрі жетілдіру” негізінде сауаттылықты арттыруға бағытталған қазақ студенттері мен өзге тілді студенттер арасында қазақ тілінен олимпиадалар, шығармалар байқауы дәстүрлі түрде өткізіледі.

Өзге тілді студент жастардың қазақ тіліне деген дұрыс көзқарасын қалыптастырып, болашақта мемлекеттік қызмет саласында, білім беру жүйесінде жұмыс істей алатындай маман болуына жол ашу, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, ел, ұлт мүддесін қорғайтындай азамат етіп тәрбиелеу – ұстаздар парызы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp