«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫРТТА – ҚЫС, “НЕПТУНДЕ” – ЖАЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақбота СЕЙДАХМЕТОВА,

қазақ мектеп-гимназиясының

10 “А” сынып оқушысы.

Жуырда мектебіміздің 5-10-сыныптар оқушыларынан құралған топ облыс орталығында ашылған “Нептун” спорттық-сауықтыру жабық аквапаркінде болып, ұмытылмастай әсерге бөленді.

“Нептун” аквапаркінде оқушылар 7 су аттракционына, 4 джакузи мен хауыздарға түсіп, гидроуқалау қондырғыларын пайдаланып, орыс моншасында, фин саунасында, спорт залы мен фитнес клубында болды.

 

Бірнеше сағат бойы сауық-сайран құрып жүрген оқушыларға биіктігі жиырма метрден асатын түрлі түсті су сырғанақтары қатты ұнады. Жасы үлкендер үшінші қабаттан бастап төмен қарай қайықшалармен сырғанаса, балалар хауыздарда шомылды.

Солтүстікқазақстандықтарға жақсы көңіл күй сыйлайтын орындардың біріне айналған аквапаркке Ресейдің шекаралас облыстарынан да келушілер бар екен.

Осы орайда қазақ мектеп-гимназиясының оқушыларының ойын-сауық кешенінде демалуға демеушілік жасаған “Планета” туристік орталығының басшылығы мен облыс тұрғындарына керемет сыйлық тарту еткен аквапарк иесі Сергей Леонтьевке айтар алғысы шексіз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp