«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ ЕСЕНГЕЛДІ ШӘЙКЕНҰЛЫ КӘРІБАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өмірбаян

Есенгелді Шәйкенұлы Кәрібаев 1954 жылғы 13 мамырда Көкшетау облысының Қызылту ауданының Бұланбай ауылында дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын аяқтаған соң 1976 жылдан бастап, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында экономист, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын аяқтап, облыстық жер инспекциясының бастығы, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта “Солтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы” ММ бастығы лауазымында қызмет атқарады.

“Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл”, “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл” мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Үйленген, үш бала мен немерелерін тәрбиелеп отыр.

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Барлығымыз үшін ең бағалы нәрсе – бұл тұрақтылық пен даму. Бұл – күйзеліссіз және революциясыз дамудың эволюциялық жолы. Бұл – біздің табысымыздың, барлық істеген жұмысымызды сақтаудың және арттыра түсудің кепілі. Біздің құндылықтарымыз – Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілік, мықты отбасы, саламатты өмір салты, кәсіпкерлік, азаматтық белсенділік. Біз “Сақтау және арттыру” ұстанымын басшылыққа аламыз. Біздің шексіз басымдығымыз – адам.

Ұлт Көшбасшысы – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев дәйектілікпен іске асырып келе жатқан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамудағы ұмтылысын бүгінгі күнде бәрі мойындайды, таңдалған жолдың дұрыстығы ешқандай күмән тудырмайды.

“Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын қолдай және негізге ала отыра, кейбір мәселелерге өз көзқарасымды ұсынамын, оларды шешу әрбір адамның басты арманын жүзеге асыруға – өзі үшін де және келесі ұрпақ үшін де лайықты өмір сүруге нақты үлес қосуы мүмкін.

Осы мақсаттарға жету үшін Солтүстік Қазақстан облысын теңгерімделген өнеркәсіптік, әлеуметтік-экономикалық дамытудың келешегі бар бағдарламаларын әзірлеу қажет деп санаймын. Даму басымдығы жаңа өңдеуші өндірістер мен жұмыс орындарын құру болуы тиіс.

Біздің облыс – дамуды мақсат тұтқан дәстүрлі түрде табысты агроөнеркәсіптік өңір. Біз республика бойынша астықтың үштен бірін жинаймыз. Сонымен қатар, қол жеткенге тоқмейілсуге болмайды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау үшін қолжетімді және айқын несиелерді қамтамасыз ету жолымен ең жоғары қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Облыстың азық-түлік нарықтарында өнімді өткізу мүмкіндігін кеңейту керек.

Автомобиль жолдарының мәселесі Солтүстік Қазақстан облысы үшін әрқашан өзекті болып келген. Аталған бағытта тұрақты түрде нақты жұмыс жүргізіледі, бірақ барлық мәселелер әлі шешілген жоқ. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмысына республикалық бюджеттен қаражат бөлу қажет деп сенемін.

ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы) жүйесін жаңғырту бүгінгі күнде республикалық, сонымен қатар өңірлік және аудандық деңгейлерде мемлекеттің басты мәселелерінің бірі болып табылады. ТКШ жүйесіндегі тарифтік саясат адамдарға түсінікті болуы, олардың шынайы мүдделерін ескеруі тиіс.

ТКШ саласындағы менің басты міндетім – саланы жаңғырту, елді мекендерді абаттандыру, Петропавл қаласында қоғамдық көлікті дамыту бағдарламасын әзірлеу.

Әлеуметтік саясат саласындағы бастапқы бағыт халықты әлеуметтік қорғау болуы тиіс, оның негізгі мақсаты халықтың аз қамтылған және әлеуметтік осал санаттарының және топтарының жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды іске асыру болып табылады. Азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері атаулы және әркімге жекелей қарау негізінде шешілуі тиіс.

Өз бағдарламамды облыста демографиялық жағдайды өзгерту қажеттілігімен тығыз байланыстырамын. Кейбір аудандарда айтарлықтай көші-қон және табиғи азаю нәтижесінде халық санының қысқару үрдісі жедел шаралар қабылдауды талап етеді. Облыстағы демографиялық үдерістер бірталай себептерге байланысты: төмен еңбекақы, тұрғын үймен жеткіліксіз қамтамасыз етілу, әлсіз дамыған инфрақұрылым, сапалы ауызсумен жеткіліксіз қамтамасыз ету, бала туудың азаюы және т.б.

Осы мәселелерді шешуге облысымыздың күш-қуаты жететініне мен нақты сенімдімін, ол үшін еңбекақыны арттыру бойынша кезеңдік жұмыстан бастап, тұрғындардың осал топтарын, жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруге дейінгі шаралардың кеңейтілген кешенін қабылдау қажет. Әрбір адамға стандартты әлеуметтік пакетке құқық берілуі тиіс.

Құрметті жерлестер!

Азаматтық қоғамның дамуы, облысымыздың келешегі үшін оның барлық өкілдерінің бірлескен жауапкершілігін қалыптастыру, тұрғындардың рухани және материалдық амандығы үшін облыстың қоғамдық бірлестіктерінің әлеуметтік маңызы бар бастамаларын іске асыруды көтеремін. Мемлекеттік билік органдарының жұмысына заңнамаларды орындаумен, басымдықты ұлттық жобаларды іске асыру мен мемлекеттік бақылау жүйесін дамытуды қолдаймын және қажет деп санаймын.

Құрметті жерлестер! Мен сайлауға сайлаушылардың нақты проблемаларын және оларды шешу жолдарын білетіндіктен барамын. Солтүстік Қазақстан облысының келешегін қымбат көретін барлық адамдарды менімен бірге болуға және ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына менің кандидатурамды қолдауға шақырамын. Сіздердің азаматтық көзқарастарыңыз аса қажет және ой-пікірлеріңіз өте маңызды! Біз тек бірлесіп қана өмірімізді өзгерте аламыз!

(Республикалық бюджеттен Орталық сайлау комиссиясына бөлінген қаражаттан төленді).

Өмірбаян

Сәдуақасов Қабиден Қайырбекұлы

1961 жылдың 14 қаңтарында Целиноград облысы, Макинка ауданы, Қыстау-Қарағай ауылында дүниеге келді. 1983 жылы “зоотехния” мамандығы бойынша Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, ал 2002 жылы “юриспруденция” мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетін аяқтады.

Өзінің еңбек жолын бөлімшенің зоотехнигі ретінде бастады, соңынан сайламалы лауазымда кеңшар коммунистік жастар одағы комитетінің хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Макинка АК ІІ хатшысы, І хатшысы болып жұмыс істеді. 1990 жылы кеңшардың бас зоотехнигі, кейіннен Макинка аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы және Макинка ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала секторының меңгерушісі болып тағайындалды. 1997 жылдан 2008 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік қызметпен айналысты. 2008 жылы “Нұр Отан” ХДП Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, соңынан Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің “Астана” КМК директоры және Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының бас маманы – заңгер лауазымдарына тағайындалды.

2011 жылдан бастап осы уақытқа дейін “Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” ММ бастығы болып жұмыс істейді.

“Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл”, “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл” мерейтойлық медальдарымен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Үйленген, екі баласы бар.

Өзін-өзі ұсынған.

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Халықаралық қауымдастық Қазақстан Республикасын нарықтық экономикасы екпінді да-мып келе жатқан, тұрақты саяси жағдайы бар ел ретінде таныды.

Менің сайлауалды бағдарламам Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді дамуын айқындайтын, мемлекетті бұдан әрі нығайтуға, өңірлерді табысты дамытуға, серпінді экономикалық өсімге, адам өмірінің деңгейін және сапасын ауқымды көтеруге бағытталған “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауына негізделген. “Қазақстан – 2050” Стратегиясын іске асыру Қазақстанның барлық билік құрылымдары – партиялар, қоғамдық бірлестіктер, шығармашылық және кәсіптік одақтар, барлық деңгейдегі депутаттар қызметтерінің негізгі мәселесі болуы тиіс.

Бүгінгі күні ҚР Парламенті – бұл мемлекеттің халықаралық демократия жасап шығарған парламентаризмнің алдыңғы қатарлы әрі ең өркениетті түрін өз бойына сіңірген сапалы жаңа заң шығарушы және өкілетті органы. Парламенттің ісі – халықтың өмірін жақсартуға бағытталған жақсы, әділ заңдарды уақтылы қабылдау.

Осыны ескере отыра, мен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған жағдайда, бар күшімді төменде көрсетілген заң шығарушылық міндеттерді шешуге жұмсаймын.

Басты заңнамалық басымдылық Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту және дамыту деп есептеймін.

ҚР Парламенті депутаттарының басты назары мемлекеттің экономикалық әлеуетін арттыру мәселелері болуы қажет деген сенімдемін. Елімізде өнеркәсіпті, агроөнеркәсіптік кешенді, шағын және орта бизнесті бұдан әрі дамытусыз бұл мәселені шешу мүмкін емес. Осыған байланысты экономиканың барлық салаларында отандық өндірісті заңнамалық қолдауды және ішкі нарықты қорғауды өзімнің ең маңызды міндеттерім деп есептеймін.

Әлеуметтік әділдік қағидатын жақтаушы ретінде біздің қоғамның барлық топтары нық қорғалған болуы тиіс деп санаймын. Сондықтан Парламент үшін қазақстандықтардың барлық ұрпақтарын қорғауға, олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған заң жобалары басым болуы тиіс. Әлеуметтік салаға – қазақстандықтардың денсаулығын сақтауға, білім беруге және әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты заңдарды жетілдіруге ерекше назар аударуға ниет етемін.

Медициналық сақтандыруды жандандыру қажет деп есептеймін, бұл ретте сақтандыру жұмыс беруші үшін алым-салық болмай, сапалы медициналық қызмет алу үшін жақсы ынталандыру болуы керек.

Кәсіби техникалық білім беру жүйесіне жаңа сапалық өзгерістер енгізу қажет. Шетелдік мамандарды тарту арқылы студенттерді оқытуды ұйымдастыру, колледж бен училище оқытушыларының шетелде оқуына қолдау көрсету керек.

Ауылдықтардың техникалар мен жабдықтарды несие мен лизингке сатып алу тетіктерін, ауылдарда орта және шағын бизнес өндіріс нысандарына арналған несие бағытын жетілдіру керек. Ауыл әкімдіктеріне ауылда мал шаруашылығын дамыту үшін ет-сүт өнімдеріне субсидиялар беру құқығы берілсін.

Қазіргі таңда ҚР Конституциясы мен заңдарын орындауды, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін толыққанды сот жүйесі құрылды. Заманауи талаптарға сай сот жүйесін одан әрі жетілдіру, әділ сотты қамтамасыз ету мақсатында болмашы мәселелер бойынша дауларды соттан тыс дауды реттеу институтына беру, жаңа технологияларды пайдалана отырып, бюрократиялық рәсімдерді төмендету, әділ сот жүргізуді жеңілдету мәселелері бойынша заңнамаларға түзетулер енгізу қажет. Әрине, әділ соттың негізгі белгісі – істі әділетті қарастыру.

Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасы, салты және әдет-ғұрпы бар. Біз еш жағдайда оны жоғалтпауымыз керек. Сондықтан да әр этностың мәдениетін, салтын және дәстүрін сақтау мәселесіне аса жауапкершілікпен қарауымыз керек.

Өзімнің кәсіби қызметіме байланысты және де 2013 жыл экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғау жылы болып жарияланғандықтан, өңірдің өсімдіктер мен жануарлар, табиғат пен экологияны қорғау мәселелеріне баса назар аударған жөн. Таза ауызсу мәселесі, өкінішке қарай, көп ауыл аумақтарында өзекті мәселе.

Табиғатты қорғау заңнамасы суды ластаушылармен аямай күресуге мүмкіндік бермейді. Жерді, суды ластаушылар мен бұзушыларға тура әсер ететін нақты тетіктер пайда болатын табиғатты қорғау заңнамаларына өзгерістер енгізуді нық талап ету қажет.

Құрметті жерлестер!

Еліміздің Парламентінде нақты адамның мүддесін қорғай отыра, мен солтүстікқазақстандықтардың, барлық Қазақ елінің қамын ойлаймын. Өзімнің барлық күшімді, білімімді және өмірлік тәжірибемді қызметімнің адал, қағидатты және кәсіби болуына бағыттаймын. Сіздердің сенімдеріңізге және қолдауларыңызға үміт артамын! Менің негізгі ұстанымым – халық пен мемлекетке қызмет ету!

(Республикалық бюджеттен Орталық сайлау комиссиясына бөлінген қаражаттан төленді).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp