«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӨЗ ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің музыкалық-педагогикалық факультетінің “Психология” кафедрасы мен балалар құқығын қорғау жөніндегі облыстық департамент мамандары бірлесе отырып, өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Онда тұлғаны психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелері сөз болды.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Бүгінгі таңда жасөспірімдердің тұлға болып қалыптасуында олардың психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қорғалуы маңызды. Облыс педагогтері осы мәселе төңірегінде өздерін толғандырып жүрген ойларын ортаға салып, редакциялық алқа мен ұйымдастыру комитетінің алдын ала сараптауына жетпістен астам ұстаз өз баяндамаларын жолдаған. Олардың өзектілері ұстаздар мен студенттердің назарына ұсынылды.

 

Петропавл қаласындағы №32 орта мектептің педагог-психологі Самал Мансұрова “Бастауыш сынып оқушыларында отбасы бейнесінің қалыптасуы” тақырыбы бойынша өз мектебінде жүргізген зерттеу жұмысын ортаға салды. Зерттеу жұмысы барысында ата-аналар арасында сауалнама жүргізіп, оқушылардың отбасындағы жағдайын олардың салған суреттері арқылы бақылаған. Оның жасаған баяндамасы ұстаздар мен студенттер тарапынан қызу қолдау тапты. Сол сияқты Петропавл қаласындағы бірінші гимназияның психолог мұғалімі Ирина Якимованың “Отбасылық тәрбие стилінің жасөспірім психикасына әсері”, бірінші қалалық жалпы білім беретін лицейдің психологі Павел Моисеевтің “Экстремистік мінезқұлыққа коммуникациядағы виртуал ды формалар әсерінің алдын алу ерекшеліктері” тақырыптарына оқушылармен бірлесе жасаған зерттеулері де қызығушылық тудырды. Бұдан басқа М.Қозыбаев атындағы СҚМУ психология кафедрасының оқытушысы Ольга Клейменованың “Психодидактика – балалық шақтың педагогикалық-психологиялық элементі”, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ психология кафедрасының аға оқытушысы Надежда Павловскаяның “Педагогика мамандығы түлектерінің бойында бәсекеге қабілетті тұлғаның психологиялық сипатын қалыптастыру” атты баяндамалары тыңдалды.

– Ана мен баланы қорғау мәселесі бүгінгі таңның басым бағыты болып саналады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында атап көрсеткендей, бүгінде отбасы тәрбиесі мен отбасы институттарының дамуы өзекті. Отбасы мәселелері күнделікті өмірде де көрініс табуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі педагогтердің уақытпен бірге адымдауы үшін конференциялар, семинарлар мен осы іспеттес шаралар қажеттігін айтқан болатын. Осы мақсатта ұстаздардың білім-біліктерін, дағдыларын дамытуына, тәжірибелерін шыңдауларына бүгінгідей шаралар зор ықпал етеді әрі осы шаралар арқылы ғылым мен тәжірибенің жаңа жетістіктерін білетін болады, – деді балалар құқығын қорғау жөніндегі департамент бастығының орынбасары Айгүл Мұстафина.

Конференция соңында оқылған баяндамалар бойынша пікір алмастырылып, хабарлама жасаған ұстаздар мен оқытушыларға сертификаттар берілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp