«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.02.2013

“ДАМУ-КӨМЕК” БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯСЫНДА мүмкіндігі шектеулі 22 кәсіпкерге қолдау көрсетілді

 “Даму-Көмек” бағдарламасына қатысушылар мемлекеттен көмек алып қана қоймай, өздерінен де мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді. Оған “Асхат-Агро” компаниясы мен зағиптар қоғамының Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорны (ОӨК) арасындағы ынтымақтастық мысал бола алады. Петропавл ОӨК – облыстағы көру мүшесі бойынша 1-2-ші топтағы мүгедектер еңбек ететін бірден-бір кәсіпорын. Көз жанары әлсіз, тіпті, мүлдем көрмейтін кембағал адамдар әскери қызметшілер мен жұмысшылар …

“ДАМУ-КӨМЕК” БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯСЫНДА мүмкіндігі шектеулі 22 кәсіпкерге қолдау көрсетілді Read More »

АУЫЗСУ САПАСЫ – АЙРЫҚША НАЗАРДА

Роза САДУАҚАСОВА, “Қазсушар” ШЖҚ РМК “Есіл су” филиалының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері. Саида ҒАЛЫМЖАНОВА, кәсіпорынның химиялық-бактериологиялық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі инженері. Біз өмір сүріп отырған бұл кезең адамның суға қарым-қатынасына байланысты жаңа проблемаларды тудыруда. Осы бір өткір мәселе енді ешкімді бейжай қалдырмайды. Адамзаттың табиғат қорларының таусылмайтын шексіз қоры жоқтығын және оны бұрынғыдай қалпына келтіру мүмкіндіктерінің …

АУЫЗСУ САПАСЫ – АЙРЫҚША НАЗАРДА Read More »

ӨНДІРІСТІ ИГЕРУ – ең өзекті міндет

“Солтүстік Қазақстан” газетінде жарияланған “Өндірістің өзегі – жаңа технология, оны жасайтын техник кадрларды даярлау қажет”, – деген мақала менің қолға қалам алуыма түрткі болды. Оның авторы – байырғы инженер Жолдас Лұқпанов. Шериаздан ҒАББАСҰЛЫ, еңбек ардагері. Киров атындағы зауытқа мен 1970 жылы алғашында техник-конструктор болып қабылдандым, екі айдан соң инженер-конструктор, содан кейін аға инженер-конструкторлыққа қолым жетті. …

ӨНДІРІСТІ ИГЕРУ – ең өзекті міндет Read More »

ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ ЖЕТІЛДІРІЛДІ

Гүлнәр СӘРСЕМБАЕВА, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша басқармасының кеңесшісі. Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгідегі тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” жаңа заңнамалық жоба әзірленді және бекітілді. Ол 2013 жылдың 26 наурызында заңды күшіне енеді. “Қазақстан – 2050” Стратегиясына сәйкес мемлекеттік қызмет “ұлтқа …

ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ ЖЕТІЛДІРІЛДІ Read More »

СОТ АКТІЛЕРІН ОРЫНДАУ кезінде кедергі келтіретін мәселелер аз емес

Облыстық сотта өткен “дөңгелек үстелде” сот актілерін орындау кезінде туындайтын мәселелер ортаға салынды. Оған облыстық және қалалық сот судьялары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, прокуратура, әділет және адвокатура өкілдері қатысты.    Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Сот жүйесі азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына кепіл болу мақсатында жұмыс істейді. Сот ісі әділ түрде …

СОТ АКТІЛЕРІН ОРЫНДАУ кезінде кедергі келтіретін мәселелер аз емес Read More »

БОЛЖАМДЫ ТАПСЫРМА АСЫРА ОРЫНДАЛДЫ

Облыстық кедендік бақылау департаментінің 2012 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды. Облысымыздың былтырғы сыртқы сауда айналымы 2011 жылмен салыстырғанда 2 есе өсіп, 840,4 млн. АҚШ долларын құрады. 2011 жылдың күзінде мол астық жинау нәтижесінде былтыр Кеден одағынан тыс елдерге ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемі ұлғайды. Астықты тасып-жеткізу және темір жол кептелістерін болдырмау мақсатында кеден бекеттері тәулік бойы, …

БОЛЖАМДЫ ТАПСЫРМА АСЫРА ОРЫНДАЛДЫ Read More »

“ҚЫЗЫЛЖАР АРУЫ”

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ. Қарайды түнгі аспаннан Ай күліп те, Қыз сұлу, сымбатты екен сәйгүлік те. Бақытын тапқан шығар бұл жас ару, Сол сезім жалғассыншы мәңгілікке! Тарқатып жіберіпті-ау бұрымды өрген, Таңғалып Ай қарайды күлімдеумен. Жас ару ақ торғынды, сәукелелі, Жаяды төңірекке сырын желмен.

ЖОЛДА – ТАҒЫ ДА ҚАР КЕПТЕЛІСІ

24 ақпан күні қар бұрқасынының 5 жағдайы тіркеліп, оның құрсауында 70-тен астам автокөлік   Қар кептелісі Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Қызылжар, Айыртау аудандарының жолдарында автокөліктердің қозғалысына айта қаларлықтай кедергі келтірді. Мысалы, Айыртау ауданының “Лобаново – Имантау” автожолы бағытында 96 адамы бар 50 автокөлік қар тұтқынына айналды, оның біреуі жолаушылар автобусы – 15 адам, “ГАЗель” – …

ЖОЛДА – ТАҒЫ ДА ҚАР КЕПТЕЛІСІ Read More »

ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ӨРТТІҢ ҚҰРБАНЫ – 2 АДАМ

Жыл басынан бері облыста 120 өрт болып, одан 36 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 16 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның 3-еуі – бала, 6 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды. Өткен аптада 2 адам өрт құрбаны болды, 1 адам дене жарақатымен ауруханаға жөнелтілді. Мағжан Жұмабаев ауданындағы Тищенко ауылында бір үй түгелімен жанып кетті, …

ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ӨРТТІҢ ҚҰРБАНЫ – 2 АДАМ Read More »

“СЛАДКА ЯГОДА” ӘН САЛДЫ

Жақында Петропавлдағы Достық үйінде өткен концертте “Сладка ягода” вокалды ансамблі сәтті өнер көрсетті. Оның көркемдік жетекшісі Галина Александрова болса, концертмейстері – Сергей Снурницын.   Анна КУЧЕРЕНКО, зейнеткер. Евгений Птичкиннің әнінен басталған концертте көптеген әндер шырқалды. “Шолпан” әнін қазақ тілінде орындаған вокалды ансамбль Сергей Снурницынның да туындыларын айтты. Әсіресе, олар “Трава моя, трава”, “Ванька холостяк” сынды …

“СЛАДКА ЯГОДА” ӘН САЛДЫ Read More »

ЖАС СУРЕТШІНІ ТАҢДАУЫ – жанрлық жаңалық

Қазір қылқалам өнерінде жас суретшілердің ізденістері жанрлық жаңалықтармен ерекшеленеді. Олар суреттің дәстүрлі жолдарынан гөрі мазмұндық және формалық жаңалықтарға талпынады. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Сондай жас қылқалам иелерінің бірі Александр Герасимов өткен жексенбі, күні облыс орталығындағы “Пилот” дәмханасында өзінің суреттерінің көрмесін ашты. Сурет өнерімен бала күнінен бері айналысса да, оның жұртшылыққа танылуы 1999 жылдан басталған. Өңірімізге …

ЖАС СУРЕТШІНІ ТАҢДАУЫ – жанрлық жаңалық Read More »

САХНАДА – “ШЕРТЕР”

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Шертер” фольклорлық-этнографиялық халық ансамблінің есептік концерті өтті.   Махаббат БАЛТАБАЕВА, студент. Ұжым осыдан 14 жыл бұрын құрылған екен. Оның құрамында жиырмадан астам адам бар. Ансамбльдің алғашқы жетекшісі Жанар Мұқатаева болды. Ол ұжымның бағытын анықтап, бұрынғы қазақ халық аспаптарының дыбысталуын жандандырды. 2004 жылдан бастап ұжымға жетекшілік етіп келе жатқан Жеңіс Қабдолбәриев ансамбльге сазсырнай, …

САХНАДА – “ШЕРТЕР” Read More »

ШАТТЫҚ ӘУЕНДЕРІ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті болып өтті. Жаңа атауға ие болған ұжым он үш жыл бойы сахна төрінде өнер көрсетіп келеді.   Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Бұрын “Есіл” деген атаумен танылған оркестрдің бұл жолғы концерті ерекше жағдайда өтті. Ақын, әнші, өнерпаз Сегіз серінің есімінің берілуі бір …

ШАТТЫҚ ӘУЕНДЕРІ Read More »

ТАЛАЙ ДАРЫН ҰШҚАН ҰЯ

Петропавлдағы ең көне оқу орындарының бірі болып табылатын балалардың көркемөнер мектебінің негізі 1977 жылы қаланған. 36 жылдан бері талмай жұмыс істеп келе жатқан өзіндік тарихы бар мекеме бүгінгі күні бұрынғы дәстүрлерімен қатар, заманауи технологияларды еркін меңгерген. Алғаш мектеп қабырғасында 80-ге жуық оқушы білім алып, оларға 5 мұғалім сабақ берсе, қазір 14 педагог еңбек етеді. Жыл …

ТАЛАЙ ДАРЫН ҰШҚАН ҰЯ Read More »

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЖЕТТІЛІК

Латын тілі туралы айтатын болсақ, бұл – ежелгі Лация тұрғындарының тілі. Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары – латындар, ал олардың тілі латын тілі деп аталды. Грек тілімен қатар, латын тілі Еуропаның ежелгі мәдениетті халықтарының тілдері қатарына жатқызылады. Латын тілі өлі, яғни қазіргі кезде қолданылмайтын тілге жатады. Бұл топқа грек, үнді, ирандық, славяндық, балтық, германдық …

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЖЕТТІЛІК Read More »

ҚАРТТЫҚҚА БОЙ АЛДЫРМАҒАН АҚСАҚАЛ

Валерий МАСЛОВ, “Одақ” қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қадыр Сайдуов ақсақалды білетін жандардың бірде-бірі оның қолы қыбырламай жүргенін көрген емес. Солтүстікқазақстандық ауыл баласы жас кезінен еңбекке араласып, ата-анасына қолғабыс беруден жалыққан жоқ. Осылайша үй шаруасына ерте төселген жас есейе келе техникаға құмартты. Алайда, жоғары оқу орнына түсудің сәті бірден түсе қойған жоқ, балы жетпей қалды. Бірақ оған …

ҚАРТТЫҚҚА БОЙ АЛДЫРМАҒАН АҚСАҚАЛ Read More »

АРДАҚТЫ ҰСТАЗ, АРДАГЕР ТІЛШІ сексеннің сеңгірінде де сергек

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Сексеннің сеңгіріне аяқ басқан Жұмаш Сейітбеков ағамыздың есімін естігелі елу жылға таяды десем, асыра сілтегенім болмас. Өйткені, қара танығаннан үйімізден “Ленин туы” газеті үзілген емес. Газетке қалам тартуға талпынып жүрген шағымда шағын да ірі мақалаларымен көзге шалынатындардың бірі осы Жұмаш аға болатын. Ауыл зиялыларының арасынан, әсіресе, мұғалімдер ел тұрмысынан хабардар етуге …

АРДАҚТЫ ҰСТАЗ, АРДАГЕР ТІЛШІ сексеннің сеңгірінде де сергек Read More »

ӨНЕР ТҰНҒАН ОРДА өрендерге қанат бітіреді

Анар МҰСАБАЕВА, домбыра сыныбының ұстазы. Айыртау музыка мектебінің домбыра сыныбында оқып жүрген ұл-қыздар ән-күй өнерінен сусындап, ұлттық мәдениетімізді дамытуға, жаңғыртуға өз үлестерін қосып жүр десек, артық айтқандығымыз болмас. “Өнер – өмірдің өзіндей мәңгілік” демекші, еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылы құрылған Айыртау музыка мектебі осы күнге дейін қаншама баланың өнерге деген ықыласын ашты. Домбыра, фортепьяно, хор, …

ӨНЕР ТҰНҒАН ОРДА өрендерге қанат бітіреді Read More »

СУРЕТШІ ӨНЕРІНСІЗ САХНА – ЖҰТАҢ

Театр, сахна өнерінен мағлұматы бар адамдар “Бутафория” деген сөздің мағынасын сұрап жатпайды. Сахнадағы қойылымды безендіретін, спектакльге көмекші құралдарды жасап, оқиғаларды көрерменнің зердесіне жеткізуге қажетті заттарды қолмен жасайтын, сол арқылы заман тарихына бойлататын театр қызметкерін “Бутафор” дейді. Егер әртістер спектакльде оқиғаны сөзбен және алуан қимыл іс-әрекеттермен бейнелесе, бутафор безендіру арқылы қоюшы-режиссердің ой-мүддесін декорациялар жасау, сурет салу, …

СУРЕТШІ ӨНЕРІНСІЗ САХНА – ЖҰТАҢ Read More »

ТЫҢДА ТУҒАН АУДАН

Аудан 4,51 мың шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Батыста ол – Қостанай облысымен, шығыста – Шал ақын ауданымен, оңтүстікте – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданмен, солтүстікте Жамбыл ауданымен шектеседі. Аумағының солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы – 96 шақырым, батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы – 71 шақырым. Аудан экономикалық-географиялық қолайлы жерде орналасқан. Оның аумағы арқылы темір жол магистралі өтеді. …

ТЫҢДА ТУҒАН АУДАН Read More »