«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЗСУ САПАСЫ – АЙРЫҚША НАЗАРДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Роза САДУАҚАСОВА,

“Қазсушар” ШЖҚ РМК “Есіл су” филиалының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері.

Саида ҒАЛЫМЖАНОВА,

кәсіпорынның химиялық-бактериологиялық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі инженері.

Біз өмір сүріп отырған бұл кезең адамның суға қарым-қатынасына байланысты жаңа проблемаларды тудыруда. Осы бір өткір мәселе енді ешкімді бейжай қалдырмайды. Адамзаттың табиғат қорларының таусылмайтын шексіз қоры жоқтығын және оны бұрынғыдай қалпына келтіру мүмкіндіктерінің де аздығын сезінерліктей кез жетті.

Ғаламшардағы су қорлары табиғи ортаның ең бір әлсіз буыны болып отыр. Әсіресе, ауылдық жерлерде ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі әлі де өткір тұр. Бүгінде әлемде 1 миллиардтан астам адам таза судан тапшылық көруде.

 

Су тапшылығының сынқатері жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында: “Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауызсу жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда”, – деп мәселенің өте күрделілігін ашық айтты. Президент қазақстандықтарды сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің басымды бағыттарын белгілеп берді.

Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен “Қазсушар” ШЖҚ “Есіл су” филиалы қамтамасыз етеді. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі – тораптық топтық су құбырлары арқылы су жеткізу бойынша реттелетін қызмет көрсету. Сонымен бірге қосалқы қызмет түрінде су құбырларын және олардың имараттарын пайдалану жұмыстарын жүргізеді. Кәсіпорын Булаев, Есіл, Преснов және Соколов топтық су құбырларын пайдалана отырып, Солтүстік Қазақстан облысының 11 ауданының және Қостанай облысының 2 ауданының ауылдық елді мекендеріне тораптық топтық су құбырлары бойынша су жеткізу қызметін көрсетеді. “Есіл су” филиалы қызмет көрсететін аумақта 221 мыңнан астам адам тұрады. Су беру жөніндегі біздің қызметіміз жерүсті су көздері – Есіл өзені мен Сергеев су қоймасынан су алудан басталады. Одан әрі тазарту имаратында мұқият тазартылып, зарарсыздандырылады да, магистральды су құбырлары арқылы өз тұтынушыларына – көтерме сатып алушыларға, коммуналдық кәсіпорындарға немесе жекеменшік су таратушыларға жеткізіледі. Топтық су құбырларында берілетін судың сапасына бақылау жасалады.

Ауызсудың сапасын үздіксіз бақылау өзіміздегі 4 химиялық-бактериологиялық өндірістік зертханада жүзеге асырылады. Біздің жеткізетін ауызсуымыз эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз. Яғни, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық сәттілігін қамтамасыз етудің ҚР заңнамасымен белгіленген химиялық, бактериологиялық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді. Қажетті көлемдегі және кепілдендірілген сападағы ауызсумен ауыл мен қаланың, ел тұрғындарының қамтамасыз етілуін жақсарту үшін мемлекет 2011-2020 жылдарға арналған “Ақ бұлақ” бағдарламасын жүзеге асыруда, оның негізгі бағыты тұрғындарды қажетті мөлшерде әр үйге жеткізілетін сапалы ауызсумен тұрақты жабдықтау болып табылады. 2020 жылға таман ауылдық жердегі орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу екі есе өсіп, 80 пайызға дейін артады.

Табиғат пайдаланудың жайлы жағдайларын қамтамасыз ету және су көзіне әсер етуді барынша азайту мақсатында жер беті (Есіл өзені) және ағынды сулардың гидрологиялық және гидрохимиялық көрсеткіштеріне өндірістік экологиялық бақылау жасауға кәсіпорын көп көңіл бөледі. Кәсіпорында экологиялық бағыттағы іс-шаралардың орындалуы нәтижесінде ағынды сулармен су нысанына түсетін ластаушы заттардың эмиссиялар көлемінің азаюы байқалып отырғанын атап өткізіп келеміз. Ластаушы заттардың түсу көлемін кеміту “Қазсушар” РМК “Есіл су” филиалының табиғат қорғау саясатын жүзеге асыруы арқасында мүмкін болды. Өндірістік қуаттардың үнемі артып отырғанына қарамастан, біз табиғат қорғау қызметінде оң нәтижелерге қол жеткіздік, бұл тұрақты дамуға көшудің және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің айқын мысалы, трансшекаралық Есіл өзені суының сапасын тұрақтандыруға қосылған елеулі үлесі болып табылады.

Осылайша, ауызсудың тұтынушылар талаптарына және нормативтік-заңнамалық талаптарға сәйкестігін, сол сияқты экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету өнім сапасын басқару саласындағы кәсіпорын жүргізіп отырған саясаттың негізгі қағидаттары болып саналады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp