«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АШЫҚ ЕСІК КҮНІ” орта және шағын бизнес өкілдеріне арналды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы” ММ бастамасы бойынша “Ашық есік күні” атауымен кәсіпкерлерге арналған кездесу бастау алды. Оған аумақтық жер инспекциясының, облыстық техникалық реттеу және метрология жөніндегі департаменттің, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ өңірлік филиалының, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.“СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы” ММ бастамасы бойынша “Ашық есік күні” атауымен кәсіпкерлерге арналған кездесу бастау алды. Оған аумақтық жер инспекциясының, облыстық техникалық реттеу және метрология жөніндегі департаменттің, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ өңірлік филиалының, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

 

Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”.

Аталмыш шара орта және шағын бизнес өкілдерін кәсіпкерлік қызметті үйлестіретін қолданыстағы заңнамалармен, мемлекеттік қолдаудың тетіктерімен таныстыруды мақсат етіп отыр.

Осындай ниетпен өткізілген алғашқы “Ашық есік күні” кездесуінде аумақтық жер инспекциясының жерді пайдалану мен қорғалуын құқықтық қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы Айтбай Байдүйсенов қолданыстағы кодекске сәйкес жер теліміне құқық берудің тәртібі жайлы айтып берді. Айтбай Қабиденұлына көтерілген мәселе бойынша кәсіпкерлер тарапынан қойылған сауалдар да аз болған жоқ. Әсіресе, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев ауданынан және облыс орталығынан келген бизнес өкілдері белсенділік танытты.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге бақылау жасау бөлімінің бастығы Нұрлан Рахымжанов ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану тәртібі жайлы сөз қозғады.

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі департаменттің бас маманы Вадим Маршаков техникалық реттеу жүйесін жетілдіру, Кеден одағы аясында өнімдердің, қызметтердің, үдерістердің қауіпсіздігін, сәйкестігін растау туралы мәселелерге тоқталды.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы Ольга Цымбалюк бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік қолдау тетіктерін сөз етті. Индустриялық-инновациялық даму аясында мемлекет шағын, орта және ірі бизнес субъектілерін қолдаудың 70-тен астам тетігін белгілеген. Олардың 5-еуі – инвестиция тартуға, 9-ы – инновацияны дамытуға, 10-ы – экспортты ынталандыруға, 11-і – қаржылық тетіктерге, 5-еуі – “Өнімділік – 2020” бағдарламасын жүзеге асыруға, 25-і – шағын және орта бизнесті, 1-еуі минералдық-шикізат базасын дамытуға тиесілі. Ольга Ивановна осы тетіктер топтамасының әрқайсысына тоқталып, олардың мақсаттарын, жүзеге асырылатын бағдарламалардың әкімшілерін атап айтты.

“Қазақстанның Халық банкі” АҚ ОФ-на қарасты сату орталығының менеджері Станислав Бруев кәсіпкерлерді кредиттеудің жаңа мүмкіндіктерімен, “БанкЦентрКредит” АҚ ОФ менеджері Самат Байғонақов “Damu Start-up” кредиттік бағдарламасымен таныстырды.

“Ашық есік күні” кездесуін кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Назаров қорытындылап, аталмыш шара алдағы уақытта да жалғасатындығын жеткізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp