«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР жедел шешілу үстінде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында алдағы уақытта Мағжан Жұмабаев, Пушкин және Шоқан Уәлиханов көшелеріндегі көлік қозғалысын жеңілдету үшін Жұмабаев даңғылы мен Уәлиханов көшесі аралығына жол тартылмақ. Осы істі нақтылау үшін облыс әкімі Самат Ескендіров көше қозғалысымен өзі танысты. Сондай-ақ өңір басшысы қаламыздағы бірқатар нысандарды аралады.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ,

журналист.

Мағжан Жұмабаев пен Чкалов көшелерінің қиылысына келген Самат Ескендіров жолдың жағдайын өз көзімен көрді. Сол жерде қала әкімі Болат Жұмабековпен бірге бірқатар мәселені шешті. Көше асфальтталып, жаяу жүргіншілерге жол салынбақ.

Нақтылар болсақ, Жұмабаев пен Уәлиханов көшелері арасында жол тартылмақ. Бұдан кейін облыс әкімі “Қарасай” стадионы мен ондағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің тыныс-тіршілігімен танысты.

 

Кейін ДСР шағынауданын дамыту жоспарын қарады. Айта кету керек, бұл ауданда алдағы уақытта сауықтыру орталығы, балабақша, жаңа мектеп, медициналық орталықтар мен ойын-сауық нысандары бой көтермек. Облыс әкімі 9 қабатты үйдің құрылысы барысына да көңіл бөлді. “Казградстрой” серіктестігі салып жатқан баспанадағы пәтерлердің әр шаршы метрінің құны орналасқан қабатына қарай 135-175 мың теңге көлемінде. Аталмыш үйге қосымша жылу тарту сорғысын Киров зауыты аумағында орналастыру келісілді.

Зауытта өңір басшысы “ОТАУ ТВ” жабдығын шығаратын цехтың жұмысын көрді. Кейін қала базарларындағы азық-түлік бағасын бағдарлады. Тұрақтандыру қоры ашқан нүктелерде күріш – 120, қарақұмық – 130, пияз – 50, жұмыртқаның он данасы 150 теңгеден сатылуда. Алайда, сауда нүктелеріне тауар жеткізу шалағай екендігі сынға алынды.

Осылайша, Қызылжардағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысқан өңір басшысы бұл мәселелер тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде көтерілгенін айтты. Қалалықтардан түскен ұсынысөтініштер осылайша жедел түрде шешімін табу үстінде.

Суретті түсірген

Виталий ВЛАСЕНКО.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp