«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САХНАДА – “ШЕРТЕР”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Шертер” фольклорлық-этнографиялық халық ансамблінің есептік концерті өтті.  

Махаббат БАЛТАБАЕВА,

студент.

Ұжым осыдан 14 жыл бұрын құрылған екен. Оның құрамында жиырмадан астам адам бар.

Ансамбльдің алғашқы жетекшісі Жанар Мұқатаева болды. Ол ұжымның бағытын анықтап, бұрынғы қазақ халық аспаптарының дыбысталуын жандандырды. 2004 жылдан бастап ұжымға жетекшілік етіп келе жатқан Жеңіс Қабдолбәриев ансамбльге сазсырнай, адырна, сыбызғы, сақпан сынды ежелгі музыкалық аспаптарды.

Ансамбльге “Музыкалық білім” мамандығында оқитын барлық курстардың студенттері қатысып, ұлттық аспаптарда кәсіби деңгейде ойнауға дағдыланады. Солардың бірі – Мәдина Жангутина аталмыш мамандықтың екінші курс студенті. Домбырада ойнауды жақында ғана үйренсе де, қазақтың дәстүрлі халық әндерін ерекше шеберлікпен орындайды.

“Шертер” ансамблі қала және университетішілік концерттерге, әртүрлі деңгейдегі байқаулар мен фестивальдарға қатысып жүр. 2008 жылы “Атамұра” қазақ мәдениеті облыстық фестивалінің лауреаты атанған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp