Жақында Петропавлдағы Достық үйінде өткен концертте “Сладка ягода” вокалды ансамблі сәтті өнер көрсетті. Оның көркемдік жетекшісі Галина Александрова болса, концертмейстері – Сергей Снурницын.
Анна КУЧЕРЕНКО,
зейнеткер.
Евгений Птичкиннің әнінен басталған концертте көптеген әндер шырқалды. “Шолпан” әнін қазақ тілінде орындаған вокалды ансамбль Сергей Снурницынның да туындыларын айтты. Әсіресе, олар “Трава моя, трава”, “Ванька холостяк” сынды орыс халық әндерін нақышына келтіріп орында ды.
Әдемі көп дауыстылық, лиризм, дауыстың тазалығы, орындаушылық шеберлік бұл ансамбльге етене-тән. Олар сахналық киімдеріне де ерекше көңіл аударыпты. Ұлттық нақышқа бай репертуарлары да тыңдарманды бейжай қалдырмағаны анық.
Әншілердің барлығының кәсіби білімдері бар. 9 әншіден тұратын ансамбль 1998 жылдың қыркүйек айында құрылған. Өнер ұжымы облыс орталығында ғана емес, сондай-ақ Астана және Омбы қалаларында өнер көрсеткен болатын. Аудандарға да концерттік бағдарламалармен шығып тұратын олар әрдайым шығармашылық ізденісте. Сондықтан болашақта өнер ұжымынан жаңа әндер күтеміз.