Зейнолла ӘКІМЖАНОВ.
Қарайды түнгі аспаннан Ай күліп те,
Қыз сұлу, сымбатты екен сәйгүлік те.
Бақытын тапқан шығар бұл жас ару,
Сол сезім жалғассыншы мәңгілікке!
Тарқатып жіберіпті-ау бұрымды өрген,
Таңғалып Ай қарайды күлімдеумен.
Жас ару ақ торғынды, сәукелелі,
Жаяды төңірекке сырын желмен.