Амангелді ӘУЕСХАНОВ,
облыстық ТЖД “ӨС және АҚЖҚ” ММ баспасөз қызметінің бас маманы.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында мекеме бастығы Серік Ғайсиннің төрағалығымен басқарма, бөлімдер және аудандық бөлімшелері басшыларымен кездесу өтті. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” мақаласы туралы сөз болды. Жиналғандардың алдында Серік Ғалымбекұлы бағдарламалық құжаттың негізгі тұстары туралы сөз сөйледі, Елбасы тапсырмаларына тоқталып өтті.
Іс-шара барысында өткен жылдың қорытындысы бойынша ерекше жұмысымен көзге түскен қызметкерлер Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ең үздік бөлім бастығы – Жамбыл ауданы №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ермек Ақтанов. Ең үздік қарауыл бастығы – Петропавл қаласы мамандандырылған жасақтың №4 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Медет Нұрқанов. Ең үздік бөлімше командирі – Петропавл қаласы мамандандырылған жасақтың №1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Рашид Ақжігітов. Айта кету керек, Рашид Түркенұлы қатарынан үш жыл бойы ең үздік маман атанып келеді. Ең үздік өртсөндіруші – Қызылжар ауданы №13 өрт сөндіру бөлімінің өртсөндірушісі Айдархан Алғизин. СҚО ТЖД “ӨС және АҚЖҚ” ММ КҚЖБО ең үздік диспетчері – Әлима Досанова. СҚО ТЖД “ӨС және АҚЖҚ” ММ кезекшілік өрт сөндіру қызметінің ең үздік өрт сөндіру жетекшілері – Серік Наурызбаев пен Ақыбай Гәккуов.
Жеке құрамның қызметін ынталандыру, кәсіби шыңдалған, білікті қызметкерлерді анықтау үшін осындай шараларды өткізудің маңызы зор.