«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ӨРТТІҢ ҚҰРБАНЫ – 2 АДАМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 120 өрт болып, одан 36 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 16 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның 3-еуі – бала, 6 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.

Өткен аптада 2 адам өрт құрбаны болды, 1 адам дене жарақатымен ауруханаға жөнелтілді.

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Тищенко ауылында бір үй түгелімен жанып кетті, оның 43 жастағы иесі ауруханаға жетпей қайтыс болды. Төтенше жағдай түн ортасында орын алған. Оған кіреберістегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған деген болжам жасалуда.

Ақжар ауданының Кузбасс ауылындағы өрт те қайғылы аяқталды. Жергілікті ЖШС-нің іссапармен келген адамдар үшін бөлген бос үйі отқа оранған. Оны белгілі тұрағы жоқ адам күзетеді екен. Ол үйді жылытуға қолдан жасалған электржылытқышты пайдаланып келген. Сымдардың қысқа тұйықталуынан шыққан өрт 63 жастағы күзетшіні жалмап тынды.

 

Жұмысшы кентінің Суворов көшесінде тұратын 26 жастағы петропавлдық мас күйінде шылым тартып жатып, ұйықтап кеткен. Үйдегі түтіннің иісінен оянған ол көрші дүкенге барып, өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Алайда, жас жігіт үйіне келген бетте түтін мен иістен есінен танып қалған. Өртсөндірушілер оны аман алып шығып, қалалық ауруханаға жөнелткен. Есін жиғаннан кейін ол жатып емделуден бас тартқан. Тіл сіз жауға себеп болған төсек-орын жасақтардың көмегімен сөндіріл ді.

Петропавл қаласының Копай ықшамауданындағы үй пеш ақауынан зардап шекті.

Тайынша ауданындағы Озерное және Петровка ауылдарында тілсіз жау жеке үйлерге ойран салды. Өрттің себептері анықталу үстінде.

Ақжар ауданының орталығында шыққан өрт тұрғын үйдің қора-қопсысын жермен-жексен етті. Оған пештен шыққан күл себеп болған сыңайлы.

Қызылжар ауданының Бескөл ауылында бірден 5 сарай от құшағына оранды. Өрт болған аумақ 300 шаршы метрді құрады. Өртсөндірушілер 4 газ баллонын қауіпсіз жерге көшірді.

Жамбыл ауданындағы Украинское және Буденное ауылдарының екі тұрғыны қасақана от қоюдан 7 тонна шөбінен айрылып қалды. Одан келген жалпы шығын 55 мың теңгеге бағаланып отыр.

Облыс орталығының Универсальная көшесінде орналасқан “Азия МеталлСервис” ЖШС-нің автотаразысында шыққан өртке де электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған, соның салдарынан ғимараттың төбесі зақымданған. Онда жұмыс істейтіндер зардап шеге қойған жоқ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp