«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ДАМУ-КӨМЕК” БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯСЫНДА мүмкіндігі шектеулі 22 кәсіпкерге қолдау көрсетілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 “Даму-Көмек” бағдарламасына қатысушылар мемлекеттен көмек алып қана қоймай, өздерінен де мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді. Оған “Асхат-Агро” компаниясы мен зағиптар қоғамының Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорны (ОӨК) арасындағы ынтымақтастық мысал бола алады.

Петропавл ОӨК – облыстағы көру мүшесі бойынша 1-2-ші топтағы мүгедектер еңбек ететін бірден-бір кәсіпорын. Көз жанары әлсіз, тіпті, мүлдем көрмейтін кембағал адамдар әскери қызметшілер мен жұмысшылар үшін сапалы арнайы киімдер, төсекорын тыстарын, матрастар, көрпелер, жастықтар және басқа да бұйымдар тігеді.

Алайда, кәсіпорын материалдық жағдайының қиындығына байланысты жұмыс істеп тұрған тігін цехының тесілген шатырын жөндеуге қауқарсыз болатын. Соған орай “Даму-Көмек” бағдарламасы мүгедектерге қолдау көрсететін демеуші тауып берді: “Асхат-Агро” ЖШС шатырды жөндеуге құрылыс материалдары түрінде (рубероид) көмек көрсетті.

– Бұл біздің кәсіпорынға көрсетілген тамаша көмек болды. Өзекті мәселемізге жанашырлық білдіріп, жәрдем жасаған “Асхат-Агро” компаниясына айтар алғысымыз шексіз, – дейді “Қазақ зағиптар қоғамы Петропавл оқу-өндірістік кәсіпорны” ЖШС-нің директоры Шаншар Жекеев.

“Асхат-Агро” ЖШС мал шаруашылығымен, оның ішінде жылқы өсірумен айналысады. Демеушілік көмек көрсеткені үшін “Даму” қоры компания директоры Нағашыбай Барлыбаевқа Алғыс хат табыс етті.

Бүгінгі күні облыс бойынша “Даму-Көмек” бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі 22 кәсіпкер демеушілік көмекке қол жеткізді.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp