«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЖЕТТІЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Латын тілі туралы айтатын болсақ, бұл – ежелгі Лация тұрғындарының тілі. Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары – латындар, ал олардың тілі латын тілі деп аталды. Грек тілімен қатар, латын тілі Еуропаның ежелгі мәдениетті халықтарының тілдері қатарына жатқызылады. Латын тілі өлі, яғни қазіргі кезде қолданылмайтын тілге жатады. Бұл топқа грек, үнді, ирандық, славяндық, балтық, германдық және т.б. тілдер жатады. Латын жазуы б.з. д. ІХ ғ. қалыптасқан грек алфавит жазуының негізінде жасалған.


 

 

Ғазиза ҚОЖАҒҰЛОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ

Тіл және әдебиет институты директорының оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,

филология ғылымының кандидаты, доцент.

Қазақстан Президенті тарапынан ұсынылған жаңа доктрина бойынша, мемлекеттік тіл Қазақстан халқының қолданыс тіліне айналуы тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру мәселесінің еліміздің көпшілік аймақтарында шешілмегені туралы кездейсоқ айтпағаны анық. Мұның ең басты себебі – іс-қағаздарын жазуда, жеткізуде қолданылатын технологиялардағы қазақ тілінің шектеулілігінде.

Дегенмен, кез келген қиындықтан шығар жол болады. Ол – латын әліпбиіне көшу! Латын әліпбиіне көшу бізге рухани да, экономикалық та пайда әкелері сөзсіз! Әліпбиіміздің төрінен табылған орыс әріптері латын әріптерімен алмастырылса, қазақ әліпбиінде 42 әріп емес, 26-ақ әріп қалып, жіңішкелік белгісі, жуандық белгісі, құйрықты Ш дыбыстары, тағы басқалары түсіп қалмақ. Бір жағынан латын әліпбиіне көшу тілімізді қайта жаңғыртуға септігін тигізсе, екіншіден, жаңа заманға сай болуымызға жетелейді. Дәлірек айтсақ, елімізді Еуропа елдеріне тағы бір қадам жақындастыра түсіп, заманауи технологияны пайдалануға жеңілдік береді.

Бізді енді бір-екі жылда не күтіп тұр екен? Соған көз жіберсек: SMS мәліметтер орыс тілінде латын әріптерімен басылып жатыр және оның конверторы серверлерде орнатылып қойған. Ұялы телефондардың мәзірлерінің неге қазақшасы жоқ екендігін есепке алмай-ақ, осы SMS мәліметтер неге мемлекеттік тілде жіберілмейді? Банкоматтарда, Интернет киоскілерде, Интерактивтік мәзірлерде қазақша тек аударма ретінде жүреді.

Егер латын әліпбиіне көшсек, жолдағы жазбалар, қала, аудан, ауыл атаулары, көлікке және т.б. байланысты жазулар тек мемлекеттік тілде жазылар еді. Бұл жазулар латынша барлығына да түсінікті және де халықаралық стандартқа сәйкес болар еді.

Жаңа технологиялар ол – бизнес, ал бизнес дегеніміз – ол жаңа технологиялар. Бұрынғыдай, “Ойбай, ол технологиялар Қазақстанға жеткенше қашан?” деп қол жайып отыруға болмайды. Ертең-ақ кез келген технология Қазақстанға жетеді, солардың бірі – GPS (global position system). Кез келген адам бүгін Интернетке шығып өз үйін, қаласын, кез келген өзіне керек орынды ғарыш арқылы көре алады және қажет объектінің координаттарын, қалалардың қашықтығына дейін хабар ала алады. Еуропадан әкелінетін көліктерде GPS машинаның құралы болып саналады. Бұл қондырғыны пайдалану үшін латын әліппесін білу қажет екені сөзсіз!

Латын әліппесіне көшу қаулы шығара салу емес, біз қандай істер жасауымыз керектігін жақсылап ойлануымыз қажет. Неден бастаймыз, уақыт күттірмейтіні қайсысы?! Ең бірінші қатарда жедел түрде қосымша қазақ латын код парағын алу, ол Қазақстандағы әрбір компьютерге енгізулі тұруы керек! Қалаңыз-қаламаңыз, қазір жаһандану заманы. Осы жағдайда латын әліпбиімен қазақ тіліндегі sms-ақпаратты немесе электрондық поштаны Жер шарының кез келген түкпіріне жіберуде еш қиындық болмаса, сканер оп-оңай қазақша оқи берсе, жақсы емес пе? Мысалы, ең қарапайым жол белгілерін алалық. Қаланың кіреберісіндегі “Астана, Ақтау, Көкшетау, Петропавл” деген жазуды үш тілде үш түрлі әріппен жазамыз. Қанша артық жұмыс, артық шығын? Соны латын әрпімен тек қазақша ғана жазуға болады ғой? Сонда оны жер беті халқының 99 пайызы оқып түсінеді. Ал кейбіреулер, керісінше, латынға көшу көп шығын келтіретін жұмыс деп ойлайды. Мәселен, дүниежүзіне әйгілі Google компаниясы біздің мемлекетті бүкіл әлемге мынадай түрде таныстырады, атап айтқанда, “Шығыс Қазақстан” немесе “Shygis Kazakhstan” емес, қазақ тілінің мәтінін ескеріп “Shyghys Qazaqstan” деп көрсеткен.

Психологиялық жағынан келсек, IT-технологиялар біздің көзқарасымызды өзгертіп барады және қазақ тілінде осы салада көтеріліп жатқан істер керісінше жиіркенішті жағдайға апарып, ақырында цифрлік теңсіздікті одан бетер өсіреді. ABCnet әліппесі бұл теңсіздікті жойып, мемлекеттік тілді мектептердің беделін көтеріп, басқа ұлт өкілдерінің балаларына жол ашады. Ал бұл деген – Қазақстанның ұлтаралық достастығының идеясы.

Код парағын алған соң, экономикаға ешқандай шығын әкелмей және өзгеріс енгізбей-ақ, бір уақытта, қатар жаңа құжаттарды толық қазақ тілінде алуға болады және бұл іске жедел кірісу керек.

Компьютер қолданушылар ағылшын баспаға үйреніп қалған, сол себептен ABCnet әліппесіне үйренуі де қажетсіз, мұны дәлелдейтін бейнематериалдар жеткілікті. Үздік оқитын балалар бұл әліппені 15 минутта үйренеді, нашар оқитындар үш сағатта. Орыс мектептерінде ABCnet әліппесін бір жұманың ішінде үйренеді.

Латын тілі туралы айтатын болсақ, бұл – ежелгі Лация тұрғындарының тілі. Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары – латындар, ал олардың тілі латын тілі деп аталды. Грек тілімен қатар, латын тілі Еуропаның ежелгі мәдениетті халықтарының тілдері қатарына жатқызылады. Латын тілі өлі, яғни қазіргі кезде қолданылмайтын тілге жатады. Бұл топқа грек, үнді, ирандық, славяндық, балтық, германдық және т.б. тілдер жатады. Латын жазуы б.з.д. ІХ ғ. қалыптасқан грек алфавит жазуының негізінде жасалған.

Жаңа көркем, ғылыми және философиялық әдебиет орта ғасырлардағы Еуропада көп уақыт аралығында латын тілінде жазылған. Дипломатия және халықаралық құқықтың көптеген терминдері латын тілінен алынған немесе соның негізінде қалыптасқан. Гуманитарлық және табиғи ғылымдарда латын тілі өзінің ерекше өмірімен өмір сүрді. Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірінде көптеген грек авторларының мәтіндері латын тіліне аударылды. Философтардың шығармалары латынша жазылды. Латынды білу және бұл тілде нақты өз ойларын латын терминологиясы арқылы жеткізе алу бұл дәуірдің ірі ғылымдарына түгел тән еді. Католик шіркеуі латын тілін ресми тіл орнына пайдаланады. Латын тілінде Ватиканның құжаттары жүргізіледі және Рим папасының хаттары жазылады. Анатомия мен фармакологияда латын тілі жеке орын алады. Адамның мүшелерінің әрқайсысы латын тілінде аталған. Дәрілердің атаулары да латын тілінде.

Латын тілін білмей, мәдениетті және білімді адамдармен қатынасуға мүмкіндік болған жоқ. Сондықтан латын тілі білімнің негізі болды. Ол халықаралық “ғылыми тіл” болып қал ды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp