Өнеркәсіп қызметінің нәтижелері бойынша 2012 жылы Мамлют (өсімі – 24,6%), Тайынша (18,6), Ақжар (16,1) және Ғабит Мүсірепов атындағы аудан (13,9%) ең жоғары қарқынмен жұмыс істеді.
2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыста қолданыстағы бағамен 122,5 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді (шағын кәсіпорындар мен қосалқы өндірісті қоса), ол 2011 жылғы деңгейден 2,3%-ға жоғары.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша барынша жоғары үлес салмақты Петропавл қаласының (66,3%), Ғабит Мүсірепов атындағы (9,6), Қызылжар (5,4), Тайынша (5,3), Айыртау (2,4%-дан) аудандарының өнеркәсібі алады. Уәлиханов (0,2%) және Ақжар (0,5%) аудандарының үлесі шамалы болды.
Өндіріс көлемінің айтарлықтай үлесін (63%) жұмыс істейтіндер саны 50 адамнан артық өнеркәсіптік кәсіпорындар алады. Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпорындарға 11,3%, қосалқы өндіріске – 11,2, үй шаруашылықтарына 6,6% келеді.
Жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары үлесінің шамалы болғанына қарамастан (облыстың көлемінен 3,7% және 1,2% сәйкесінше), олар кейбір аудандарда өндірістік қызметке айтарлықтай үлестерін қосады. Солай, М.Жұмабаев ауданында олар өнеркәсіп өндірісінің – 32,4%, Ақжар – 30,6, Жамбыл – 24,2, Мамлют – 18,2, Тимирязев – 15,6, Аққайың ауданында 15,3%-ын өндірді.
Солтүстік Қазақстан
облысының
статистика департаменті.