Бұрнағы күні “Достық” үйінде “Жарқын бейне” деген тақырыпта концерт өтті.
Концерт халықаралық конкурстардың лауреаты, Гран при иегері, домбырашы Думан Күдеровті еске алуға арналды. Оған өнер колледжінің ұстазы Тойкен Күдерованың сыныбынан тәлім алған халықаралық, республикалық сайыстардың лауреаттары атанған жас домбырашылар қатысты. Қазақ сазгерлерінің күйлері әуелеген шығармашылық кеш домбырашы Думан Күдеров жайында түсірілген деректі фильмнен бастау алды.
Концертте әртүрлі сайыстарда жеңімпаз атанған шәкірттерден басқа, “Күдер” домбырашылар ансамблінің де орындауында талай күйлер күмбірледі. Әлемдік классикалық туындылар домбыраның музыкалық деңгейін көрсету мақсатында орындалды. Бұл концертте, сондай-ақ Тойкен Күдерованың Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында білімін жалғастырып жатқан шәкірттерінің бірі – Әсет Әбдірахманов та өнер көрсетті.
(Өз тілшімізден).