Бейсенбі күні Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында классикалық музыка кеші өтті.
Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Онда дирижер Сергей Имашбаев бастаған концерттік-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен шетелдік таланттар – мәскеулік Денис Шаповалов пен грекиялық Владимир Афанасьев өнер көрсетті. Олар халыққа танымал әуендерді виолончель және ұрмалы музыкалық аспапта орындады.
Концерттік бағдарлама виолончель аспабына арнайы жазылған аmoll концертімен ашылды. П.Чайковский атындағы байқаудың лауреаты Денис Шаповалав аталмыш аспапта тамылжыта ойнап, көрермендердің ілтипатына бөленді. Отандасымыз, профессор Владимир Афанасьев қазіргі таңда Грекия елінде тұрса да, қазақ ұлттық әуенін ұрмалы музыкалық аспап арқылы шетелде насихаттап жүргенін, оның Ю.Алжневтің “Қазақ дауылпазы” туындысын орындауынан-ақ байқалды. Мейман әртістер, сондай-ақ концерттік-симфониялық оркестрмен бірге небір сазгерлердің шығармаларын көрермендер назарына ұсынды.