«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАРЫЗЫҢДЫ ҚАЙТАР!”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көші-қон полициясы қызметкерлері сот шешімі бойынша қарыздарын өтемей жүрген азаматтардың мекенжайын анықтау шарасын өткізуде. Акцияның алғашқы күні 10-нан астам борышкер анықталды.

Жыл басынан бері қарызы бар 300 азамат пен 65 алимент төлемеушіге іздеу жарияланған болатын. Полицейлер олардың тең жартысын анықтап, ескерту жасады. Мәселен, қоғамдық орында ішімдік ішкен 40 жастағы ер адам 1500 теңге көлеміндегі айыппұлын әлі төлемеген. Түсіндіру жұмыстарынан кейін борышкер енді қайтып заңды бұзбауға және қарызын төлеуге уәде берді.

Осы күні бірнеше миллион теңге қарызы бар азамат та анықталды. Мекенжайын ауыстырып үлгерген жігіт өткен жылдың қыркүйек айынан іздеуде болған.

Борышкерлерді анықтау шарасы жыл бойы жүргізілетін болады.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp