«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСТЫҢ ҚИЫН “МІНЕЗІ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қыстың соңғы күндері бірнеше сағатқа созылған екпіні күшті желімен және қатты боранымен жергілікті тұрғындарға қолайсыздық туғызып тұр. 26 ақпан күні облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент электронды БАҚ және Интернет арқылы ауа райы жағдайының күрт нашарлай түскендігі туралы тұрғындарға ескерту жасап, ТЖ бола қалған кезде атқаратын іс-әрекеттеріне қажетті нұсқау берді.  

27 ақпан күні Тайынша, Аққайың, М.Жұмабаев, Мамлют, Айыртау, Тимирязев, Есіл аудандарында автокөлік құралдарының қар кептелісінде қалған 11 оқиғасы тіркелді. Ішінде 344 адам бар 139 автокөлік (көпшілігі жеңіл автомобильдер) қар құрсауында қалды. Барлық жағдайда да облыстық ТЖД-нің үйлестіруімен аудандық жедел қимыл отрядтарының, жол полициясының, әкімдіктердің техникаларды қолдануы арқасында жолдар тазаланып, адамдар қар кептелісінен шығарылды. Сөйтіп, адамдардың өлімі мен үсікке шалынуына жол берілген жоқ.

Елу метрден бергіні көрсетпейтін қатты бұрқасынды ауа райы жағдайының қалыптасуына, қар кептелісінің жиілей түсуіне байланысты сол күні кешке ТЖД келісімі бойынша автомобиль жолдары департаменті бірлескен шешіммен Қызылжар өңіріндегі аудандық, облыстық және республикалық мақсаттағы жолдарды жапты.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp