«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСҚЫ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛАУЫ ЖАҒЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют ауданында облыстық “Север – 2013” қысқы спорт ойындары бастау алды. Спартакиаданың ашылу салтанатына облыс әкімі Самат Ескендіров қатысты. Сондай-ақ өңір басшысы аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Аманжол НҰРТАЗИН,

журналист.

 

Мамлют ауданындағы “Белое-Агро” серіктестігі ірі қара мал өсіреді. Еттің сапасын арттыру үшін жүзден астам сиырды Австриядан әкелген болатын. Шаруашылық өркендеп келеді. Самат Ескендіров “ПромСтройМебель” ЖШС-ін де аралады. Кәсіпкер жиһаз жасау ісін дамытып жатыр. Заманауи қондырғыларды орнатудың нәтижесінде жиһаз бетін оюлауға болады екен.

Ал пластикалық терезе жасайтын кәсіпорын аудан орталығы мен ауылдарды өз өнімімен толық қамтып отыр. Ұнды қорапқа салатын мекеменің жұмысы да облыс әкімінің назарынан тыс қалмады. Өңір басшысының биылғы есепті кездесуінде Мамлют ауданына қатысты да бірнеше мәселе көтерілген еді. Соның бірі: өнер мектебінің ұжымы би залына паркет төсеуді сұраған. Сондай-ақ аудандағы орта мектептің шатыры ескіріпті. Самат Сапарбекұлы бұл мәселелер шешілетінін жеткізді.

Одан соң облыс әкімі жылына бір рет келетін “Север” спорт мерекесінің салтанатты ашылуына қатысты. “Север – 2013” спартакиадасы спорттың 7 түрі бойынша өтеді. 13 ауданнан 200-ден астам спортшы қатысуға тілек білдірген. Облыс әкімінің атынан жеңіске жеткен командаға “ГАЗель” автокөлігі сыйға тартылады.

Спартакиада жалауы көтеріліп, қысқы спорт ойындарының алауы жағылды. “Север – 2013” қысқы спорт ойындарының салтанатты ашылуы отшашумен аяқталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp