«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰС ЕТІН АРЗАНҒА САТЫП, дүкен сатушыларының ақшасын жымқырған алаяқ ұсталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда алаяқтықтың жаңа түрін ойлап тапқан әйел ұсталды. Ол құс етін арзан бағамен беремін деп, дүкен сатушыларының ақшасын жымқырған.  

Қазір күдіктінің үстінен қозғалған бес бірдей қылмыстық іс қаралуда. Әйел адам дүкен сатушыларына өзін сауда агентімін деп таныстырып, құс еті салынған қорапты 5 мың, ал жартысын 2 700 теңгеге сататынын айтқан. Ақша қолға тиген кезде, тауарды алып кіремін деп, далаға шыққан күйі қаша жөнелетін болған.

Бұл қылмыскердің арбауына түскен жәбірленушілердің айтуы бойынша, оның портреті жасалды. Кейін зардап шегушілердің бірі фототекадағы суреттерді қарап отырып, өзін алдап кеткен келіншекті танып қалған. Тез арада фотосурет қылмыс жасалған аудандағы барлық дүкендерге таратылып берілді. Осының нәтижесінде бірнеше адамды алдаған Зарина кезекті рет дүкенге келген кезінде қолға түсті.

“Желтоқсан мен қаңтар айларынан бастап, қала тұрғындарынан бірнеше арыз түскен. Олардың барлығы осы келіншектің алдауына тап болғандар. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні қамауға алу жағы қарастырылуда. Себебі, ұсталған әйел адамның тұрғылықты мекенжайы мен тұрақты жұмыс орны жоқ”, – деді Петропавл қалалық ІІБ №1 полиция бөлімінің аға тергеушісі Ирина Холодова. Тергеушілердің айтуынша, 28 жастағы алаяқ бұл қылмыстармен шектелмеген болуы мүмкін. Егер одан зардап шеккендер болса, №1 полиция бөліміне хабарласуларын сұраймыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp