«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОРАНДЫ КҮНДЕРДІҢ МАШАҚАТЫ КӨП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жол сақшылары үшінші күн қатарынан қар құрсауында қалған автокөліктерді құтқару мақсатында тас жолдарда күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда.  

Көкшетау-Рузаевка автожолымен 3 тонна кондитер өнімдерін әкетіп бара жатқан фургон сынып қалған. Жол полицейі Жанат Наймантаев түні бойы сынған көлікті күзетіп, таң ата фургон жүргізушісінің жақын маңдағы ауылдың біріне жетуіне жәрдемдескен.

Есіл ауданында Корнеевка-Заградовка, Корнеевка-Бұлақ автожолдарында 25 көлік қар құрсауында қалды. Аудандық жол полициясы бөлімінің бастығы Әскер Жетібаевтың бастамасымен жол машақатын көргендерге көмек көрсетілді. Жергілікті басшылық техника бөлуде қол ұшын берді. Тораңғыл ауылдық округінің әкімі, “Азия Тораңғыл”, “Атамекен Агро Есіл”, “Атамекен Агро Корнеевка” серіктестіктері жол сақшыларымен бірлесіп, 2-3 метр күртік қарды тазалап, автокөліктерді аман алып шықты.

Халықаралық бағыттағы тас жолдарда жол полициясының 15 автопатрулі күшейтілген түрде қызмет атқаруда. Полицейлер көлік жүргізушілерінен жолда апатты жағдайға душар болғандардың баржоғын біліп, анықтауда. Сонымен қатар елді мекендерден шығар тұстарға бекеттер қойылған.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp