Бүгінгі күні оn-line режімінде Интернет арқылы статистикалық есептерді толтыру және тапсыру процесін автоматтандыруға мүмкіндік бар.
“Электрондық үкімет” бағдарламасын жүзеге асыру аясында статистикалық нысандарды тапсыруға барынша қолайлы болуы және уақытты үнемдеу үшін ҚР Агенттігі “е-статистика” ақпараттық жүйесін енгізуді бастады.
Респонденттерге 65 нысан бойынша қағазға көшірмей-ақ, on-line режіміндегі Интернет-портал арқылы жұмыс орнында отырып есептерін тапсыруға мүмкіндік бар. Статистикалық тексеруде қате жібермеу мүмкіндігін айтарлықтай кемітетін ақпараттық жүйе форматтық-логикалық бақылауды қосады.
Барлық қажетті ақпарат ҚР Статистика агенттігінің www.stat.gov. kz сайтында және статистика департаментінің www.soltustik.stat. kz сайтында on-line есебі айдарында орналастырылған.