«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СПАРТАКИАДА АЛАУЫ ТҰТАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Петропавлда мектеп және колледж оқушыларының республикалық VI қысқы спартакиадасының ақтық жарысының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сайыста еліміздің барлық түкпірлерінен келген 2000-нан астам қатысушы өз өңірлерінің намысын қорғайды.

Салтанатты шараны облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов кіріспе сөзбен ашты.

 

– Мектеп және колледж оқушылары арасында саламатты өмір салтын насихаттау, спортта ізбасарларды даярлауда балалар спорт мектептерінің жұмыс тиімділігі мен сапасын арттыру үшін ұйымдастырылған шараның маңызы зор. Мәселен, Лондонда өткен Олимпиаданың алтын жүлдегері, зілтемірші Илья Ильин де мектеп жасында спартакиаданың жеңімпазы атанған. Алған беттеріңнен таймасаңдар, сендердің де спортта жетер жетістіктерің көп болмақ, – дей келе қатысушыларға жарыста әділ жеңіс тіледі.

Содан соң мектеп және колледж оқушыларының Vқысқы спартакиадасының жеңімпаздары сайыстың туын көкке желбіреткеннен кейін спартакиада алауын жағу мәртебесі Новоникольское орта мектебінің оқушысы, шаңғы мен қысқы спорттық бағдарлаудан спорт шеберіне кандидат Руслан Жұмабаевқа берілді.

Бұл спартакиаданың ақтық жарыстары Астана, Риддер қалаларында да өтуде. Оларға қатысушылар спорттың 10 түрінен, атап айтқанда, шаңғы жарысынан, президенттік көпсайыстан, биатлоннан, конькимен жүгіруден, шорт-тректен, шайбалы және допты хоккейден, қысқы спорттық бағдарлаудан, футзал мен мәнерлеп сырғанаудан бақ пен баптарын сынайтын болады.

Бәсекелі сайыс наурыздың 12-сі күні аяқталмақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp