«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЛИМПИАДА ЫҚЫЛАСЫМДЫ АРТТЫРА ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Надежда ЛУКАШЕВИЧ,

Зеленый Гай орта мектебінің

5-сынып оқушысы.

Біздің мектебімізде қазақ тілінен көптеген сайыстар, олимпиадалар ұдайы өткізіліп тұрады. Мен қазақ тілін жетік меңгеруді мақсат тұтамын. Биыл 5-10-сыныпта оқитын өзге ұлт өкілдерінің арасында “Тіл – тәуелсіздіктің символы” атты VІ республикалық қашықтық олимпиадасына қатыстым.

Олимпиаданы “Дарын” республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы өткізді. І турда ғаламтор арқылы 40 сұраққа жауап беру керек болатын. І тур қорытындысы бойынша мен 39 балл алып, ІІ турға өттім.

ІІ тур “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтті. Бұл турға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген оқушылар қатысты. Біздің ауданнан 6 оқушы қатыстық. ІІ турда қазақ тілінде оқылымнан, тыңдалымнан, лексика-грамматикалық ережелерден құралған 150 сұрақ берілді. Оның қорытындысы бойынша мен І орынды иелендім.

Олимпиададан кейін бос уақытымызды көңілді өткіздік. Айта кетсем, таза ауада шаңғы, коньки тептік. Бурабайға саяхатқа шықтық. Маған “Балдәурен” оқу-сауықтыру орталығы өте ұнады. Бұл орталықты балалар “Арманының аралы” деп атайды. Бұл жерде мен өзіме көптеген достар таптым. Осы олимпиададан кейін менің қазақ тіліне деген қызығушылығым, тіпті арта түсті.

Тайынша ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp