«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУЫСТЫҒЫН ТАНЫТҚАН “СҰЛТАН макарон бұйымдары” АҚ-да 30-ға тарта оралман әйелдер еңбек етуде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Нұрсайын ШӘРІП,  

“Солтүстік Қазақстан”.

 

“Окан-Холдинг” компаниясының “Сұлтан макарон бұйымдары” АҚ 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оған сол кезде голландияның “VAN DER POL” фирмасының печенье шығаратын 50 метрлік желісі орнатылған болатын. Содан бері онда “Қызылжар”, “Әсем”, “Балқаймақ”, “Улыбка”, “Легенда”, “Забава” сияқты тәтті тағамның қырық шақты түрі шығарылуда. Әртүрлі салмақта арнайы орамамен шығарылатын печеньелер қаптама материалдарының әсем безендірілуімен, дәмдерінің саналуандығымен, өзіндік қалыптарымен ерекшеленеді. АҚ ИСО 9001-2005 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес өнім шығарып келеді. Сондықтан фабриканың “Сұлтан” маркалы тауарларына сұраныс мол. Қызылжар өңірінің печеньелерін Қазақстанның барлық облыстары мен Орталық Азияның жекелеген мемлекеттері тұтынады.

 

– “Сұлтан макарон бұйымдары” АҚ-да жеті жылдан бері еңбек етіп келемін. Цехымыз 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Біздің ұжымда тарихи Отанына қоныс аударған 30-ға тарта қыз-келіншек бар. Олар Бескөл және Бәйтерек ауылдарында тұрады. Оларды тасымалдау үшін арнайы автобус бөлінген. Түстік асты фабриканың асханасынан ішеміз. Кешенді тамақ 50 теңге маңайында ғана. Айлық жалақы 40-45 мың теңгені құрайды. Мұнтаздай таза әрі жылы цехта жұмыс істеу біздер үшін өте қолайлы. Елбасы Жолдауында айтылғандай, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жағдай жасап отырған АҚ басшыларына айтар алғысымыз шексіз, – дейді печенье цехының бригадирі Раушан Мұжықанова.

СУРЕТТЕ: цех бригадирі Р. Мұжықанова фабриканың жаңа өнімімен.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp