«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САХНАДА – ӨНЕР МЕКТЕПТЕРІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен Петропавл қаласындағы №1 өнер мектебінде балалар өнер мектептері мен мамандандырылған музыка мектептерінің фортепьяно бөлімі және хор ұжымдары оқушыларының республикалық 47-ші фестиваль-конкурсының облыстық кезеңі өтті.  

Айгүл ЖЫЛҚОЖИНА,

білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар

орталығының әдіскері.

Конкурс қатысушылар үшін жария түрде өтті. Қазылар алқасының шешімімен №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбиемектеп кешенінің Любовь Александрова жетекшілік ететін хор ұжымы 1-орынға лайық деп танылды.

Фортепьяно бөліміндегілер жас ерекшеліктеріне қарай кіші, ортаңғы және ересек топтарға бөлінді. Сөйтіп, фортепьяно аспабында ойнайтын кіші топтағылар арасында №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие-мектепкешенінің оқушысы Ангелина Онищенко 3-орын (жетекшісі Елена Криченевская) және №1 өнер мектебінің оқушысы Әдия Оразғалиева 2-орын (мұғалімі Светлана Вечерняя) алды.

Ортаңғы топта 1-орын Тайынша қаласындағы өнер мектебінің оқушысы Алиса Кондрацкаяға (мұғалімі Ольга Петровская), 2-ші және 3-ші орындар сәйкесінше, Петропавлдағы №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінің оқушылары Софья Крысенкоға (мұғалімі Ирина Котенева), Максим Падалкин (мұғалімі Галина Коржова) мен Ділназ Мұқатоваға (мұғалімі Ольга Терехина) берілді.

Ересек топтағылар арасында 1-ші және 2-ші орындар №1өнер мектебінің оқушылары Элина Аркадьеваға (мұғалімі Татьяна Усаневич), Татьяна Киянцеваға (мұғалімі Лиана Добровольская) берілді. 3-ші орынды Айыртау ауданындағы музыка мектебінің оқушысы Гүлден Ахметова (мұғалімі Фаниль Шаймарданов) иеленді.

Конкурс лауреаттарына аталымдар бойынша дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp