«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘДІЛЕТ МҰСТАФИН – “УНИВЕРСИТЕТ БАРЫСЫ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де “Қазақстан барысының” үшінші маусымының басталуына орай “СҚМУ барысы” жарысы өтті. Оқу ордасының палуандарына өздерін қалалық, облыстық ареналарда бақтарын сынап көру мүмкіндігі алғаш рет туып отырған дода – “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының мұрындық болуымен ұйымдастырылған шараға СҚМУ-дің 5 факультетінен 8 палуан қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша тарих және заң факультетінің студенті Әділет Мұстафин жеңімпаз атанды, екінші және үшінші орындарды дене шынықтыру факультетінің студенттері Алтынбек Аусағитов пен Азат Шәукеров иеленді. Үздік атанғандарға ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Сыннан сүрінбей өткендер “Қазақстан барысының” қалалық кезеңіне жолдама алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp