Тоқтар ЗІКІРИН,
“Солтүстік Қазақстан”.
Аналар-ай,
Мөлдіреген жаны ізгі,
Бар әлемнің жарық
Күні тәрізді.
Тіршілікке өмір
берген сендерге,
Қалай осы қайтарамыз
қарызды?!
Аналар-ай,
Асылдарым, ардағым –
Өздеріңдей бас имейді
жанға кім?
Біз сендерсіз ұғар ма
едік, шіркін-ау,
Тіршілікті түйсінудің
бар мәнін.
Аналар-ай,
түн ұйқысын төрт бөліп,
Өбектейтін, бәрін
бастан өткеріп.
Бел бүгіліп, шашына ақ
түссе де,
Одан асқан, одан сұлу –
жоқ көрік.
Аналар-ай,
дархан көңіл, пейілдім –
елжіреген үлгісі ғой мейірдің.
Жанарынан жан
шуағын төккенде,
Ұмыта алар дейсің оны
кейін кім?!
Аналар-ай,
адамзаттың ұлысы,
Отбасының берекесі,
ырысы.
Ана алдында тағзым
ету үшін де,
Адал перзент болу
керек дұрысы.
Аналар-ай,
ақ жүректе алғысы,
Ізеті мен инабаты
бар кісі.
Адалдықтың ақ
жолында оларды,
Алға бастап шығарады
ар күші.
Аналар-ай,
Қажымайтын, талмайтын,
Бар ғұмырын ұрпағына
арнайтын.
От пен суға түсуден де
тайынбай,
Балапанын көгершіндей
қорғайтын.
Аналар-ай,
қандай биік, өр едің,
Шыңға біткен шынарлардай
көремін.
Перзенттік бір борышымның
белгісі –
Сіздерге осы тағзым
еткен өлеңім!