«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘРІГЕР – ТӘННІҢ ҒАНА ЕМЕС, ЖАННЫҢ ДА ЕМШІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Адамның жанын емдесең, тәні де тез сауығады” деп есептейтін дәрігерлердің бірі – Раушан Қазтаева. Өмірінің 22 жылын адам емдеуге арнаған ол, дәрігер болу жай ғана мамандықтан гөрі, өмірлік міндет деп санайды.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

– Бала кезден дәрігер болуды қаладым десем, артық айтқаным емес. Ауруханаларда ем-дом жасап жатқан дәрігерлерге қарап, өзім де болашақта адамның жанына араша түсіп, дерттеріне дауа табатынымды сезетінмін. Сол арманым орындалды. Мектепте биология және химия пәндеріне ерекше ден қойып, оқыдым. Ол еңбегім зая кеткен жоқ. Жоғары оқу орнына қиналмай-ақ түсіп кеттім, – дейді Раушан Қазтаева.

 

Бұрынғы Целиноград медициналық институтын емдеу ісі бойынша тамамдаған Раушан Қазтаева еңбек жолын елді мекенде бастайды. Бұрынғы Көкшетау облысының Чкалов ауданында амбулаторияның дәрігері болған ол 1997 жылы қызмет бабымен облыс орталығына ауысады. Сол жылдан бастап №1 емханаға қызметке тұрады. 15 жылдан аса уақыт бойы тапжылмастан бір емханада жұмыс істеген Раушан Мәжитқызы емделушілеріне туғанындай болып кеткен.

– Күніне көптеген науқастарды қабылдаймын. Шақырту бойынша да үйлеріне барып, дерттерінің себебін анықтауға тырысамын. Науқас адамды, біріншіден, жылы сөзбен емдеуді білу керек. Емханаға келетін адамдардың тең жартысы дерттеріне дауа іздеп емес, жандарын мазалаған күдікті ойлар мен жалғыздықтан арылу үшін келіп жатады. Қабылдау барысында, әсіресе, зейнеткерлеріміз реніштерін айтып, ішіндегі мұңдарымен бөлісіп болған соң ғана аурулары жайында айта бастайды. Осындай жағдайға тап болған дәрігер әуелі науқасты қолдап, демеуі қажет. Сосын ғана емге кіріскені жөн, – деп есептейді ол.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp