«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ЖЕҢІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жезқазғанда грек-рим мен еркін күрестен жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының аясында грек-рим күресінен белдесулер аяқталды. Оған еліміздің барлық аймағынан 14 пен 16 жас аралығындағы 500-ге жуық спортшы қатысып, 10 салмақ дәрежесі бойынша белдесті.

Аталмыш сайыста облыс атынан боз кілемде өнер көрсеткен грек-рим палуандары Зелимхан Усманов (42 кг.), Азамат Бисенғалиев (46 кг.), Айдос Сұлтанғали (50 кг.), Айбек Қуанышев (65 кг.) үздік атанып, алтыннан алқа тағынса, Дәулет Дербісәлі (58 кг.) мен Константин Штефанов (76 кг.) екінші, ал Аманғали Бекболатов (46 кг.), Мират Қуандық (54 кг.) және Михаил Обухов (76 кг.) үшінші орынды иеленді.

Еркін күрес шеберлері арасындағы сындарда жерлес спортшы Анжелика Щелчкова 49 кг. салмақ дәрежесінде – бірінші, Светлана Сергеева 56 кг. салмақта үшінші орынды жеңіп алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp