Аяулы арулар!
Көктемгі тамаша мереке – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
Баршамыз үшін бұл мереке – табиғаттың оянуының, шаттықтың және үміттің белгісі. Қымбатты әйелдер, Сіздер көктемгі күннің алғашқы шуағы сияқты айналаның бәрін нұрға бөлеп, жылу шашып жүресіздер. Сіздердің бүкіл армандарыңыз жүзеге асып, көңілдеріңізден көктем кетпесін!
Біздің ізгі ниетіміз отбасыларымыздың, аналарымыздың, қарындастарымыздың, жұбайларымыздың амандығы мен қамын ойлаумен байланысты.
Еліміздің Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан – 2050” Стратегиясында: “Әйелдер – отбасының тірегі, яғни – мемлекеттің тірегі”, – деп атап көрсеткен болатын.
Әдетте әйелдер отбасының қамқоршысы болып саналады, баға жетпес жайлылық пен шаңырақ шуағын сыйлайды. Еліміздің жетістіктерін еселей түсуге және Қазақстанды ілгерілетуге қабілетті ұрпақ өсіру – жаңа ғасырдағы қазақстандық әжелер мен аналардың ұлы міндеті.
Ана мен баланы қорғау Президент Жолдауының аса маңызды басымдығы болып табылады. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда жаңа мереке – Отбасы күні белгіленді, ол қыркүйектің әрбір екінші жексенбісінде аталып өтілетін болады.
Бүгінгі таңда Сіздерге, ардақты әйелдер, мансап биігі де қол бұлғап тұр, Сіздер сан алуан салада жетістіктерге жетісіп жүрсіздер. Әйелдер ұйымдастырған және жетекшілік жасайтын кәсіпорындардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Бүгінгі таңда өңірімізде жұмыс істейтін 22 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің үштен бір бөлігі – осындай кәсіпорындар.
Әйелдер қауымының өкілдері жоғары мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде де оңай соқпайтын міндеттерін ойдағыдай атқарып жүргенін көріп жүрміз. Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқару органдарындағы саяси мемлекеттік қызметшілердің – 15 пайызы, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің – 66 пайызы, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының 24 пайызы – әйелдер. Мұның бәрі Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған Стратегиясын ойдағыдай жүзеге асырудың нәтижесінде мүмкін болып отыр.
Қымбатты арулар!
Сіздердің күш-қуаттарыңыздың, парасаттылықтарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында біз ең жоғары жетістіктерге қол жеткізетінімізге сенімдімін. Сіздерді осынау тамаша мерекемен шын пейілмен құттықтаймын!
Қуаныш пен бақыттан жанарларыңыз әрдайым нұр шашып тұрғай! Жұмыста да, өмірде де Сіздерге тек қана сәттілік серік болсын! Шаңырақтарыңызда жақындарыңыздың сүйіспеншілігі мен ілтипатына бөлене беріңіздер!
Көтеріңкі көңіл күй, татулық, жақсылық пен амандық-саулық тілеймін!
Самат ЕСКЕНДІРОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.