Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Қызылжар ауданындағы “Құлагер” ипподромында тректік ипподромдық жарыс бойынша Қазақстан біріншілігінің үшінші кезеңі өтті.
Жарысқа Омбы, Көкшетау, Астана және Петропавл қалаларынан 13 спортшы қатысты. Додада тәжірибелі спортшылармен қатар жас өрендер де бақ сынады.
Автокөлік жүргізушілері шұғыл бұрылыстардан қиналмай өтіп, ипподромның айнадай жалтыраған жолдарында өнер көрсетті. Бұл күні 14 рет жарыс жолына шыққан спортшылар ұзындығы 1,1 шақырымды құрайтын ипподромды 4 рет айналды.
Жарыстың қорытындыларына тоқталсақ, жүлделі үш орынды омбылықтар: Игорь Усов, Дмитрий Катышев және Дмитрий Сафронов еншіледі.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.