«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПРЕЗИДЕНТ НҰРЛАН АЛДАБЕРГЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі Нұрлан Алдабергеновті қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Елбасы қазіргі уақытта Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тиімді жұмыс жасауына байланысты бірқатар мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев тауар өндіру, тарату және біркелкі жағдай мен тең бәсекелестік ортада қызмет көрсетуге байланысты Кеден одағының тауарлы рыноктарына жүйелі талдау жүргізу қажет екеніне тоқталды.

Н.Алдабергенов өткен жылғы жұмыс қорытындысы және монополияға қарсы қызметті реттеу, атап айтқанда, Кеден одағы елдерінің тауарлы рыноктарын бақылау саласындағы алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Сондай-ақ кездесуде электр энергетикасы, авиация және темір жол салаларындағы бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы тауарлы рыноктарға, атап айтқанда, шекаралас аумақтарға жан-жақты талдау жасау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp