Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен
Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Республикалық Ұланның қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Президенттің Күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды;
Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Президенттің Күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды;
Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев Республикалық Ұланның қолбасшысы қызметінен босатылды және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты әскери қызметтен шығарылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.