«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БӘЙГЕСІНЕН жүлдемен оралды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Дарын” республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы механика және математика саласында зерттеушілікке қызығушылық пен қабілеттілік байқатқан дарынды оқушыларды анықтау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика-математика факультеті негізінде оқушылар арасында Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан зерттеу жұмыстарының III халықаралық конкурсын өткізді.

Айнагүл ЕСҚАЛИЕВА,

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды

балаларға мамандандырылған гимназия-интернат

директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары.

Конкурсқа республикалық ғылыми жарыстардың облыстық кезеңінде I, II және III деңгейлі дипломдармен марапатталып, жеңімпаз және жүлдегерлер атанған 11-сынып оқушылары қатысты. Олар математика, қолданбалы математика, механика және экономика секциялары бойынша өз жобаларын қорғады.

 

Конкурсқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан 283 оқушы қатысты. Оған барлық бағыт бойынша 186 жоба ұсынылған. Қазақстан-Британ техникалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғалымдарынан құралған қазылар алқасы төрелік етті.

Сайыста өз жобаларын талапқа сай қорғап шыққан оқушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары тапсырылды. Соның ішінде Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназияин-тернаттың 11-сынып оқушылары да бар. Уахит Құсайынов жетекшілік еткен Меруерт Омарова “Психологиялық диагностикада математикалық тәсілдерді қолдану жолдары” деген тақырыпта зерттеген ғылыми жобасын сәтті қорғап, ІІ дәрежелі дипломды жеңіп алды. Жайнагүл Шаяхинаның жетекшілігіндегі Әсел Хайруллина мен Темірболат Әлжан “Қазақ халқының киелі сандарының мәні” атты жобаларын қорғап келді.

“Дарын” республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Шолпан Қирабаеваның айтуынша, қатысушылардың барлығы ҰБТ-дан босатылу құқығына ие болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp