«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙТІН ӨЗГЕ ҰЛТ АРУЛАРЫ САЙЫСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қамар ЕСҚҰЛОВА,

Айнұр КЕНЖЕБОЛАТОВА,

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері.

Өзге ұлт өкілдерінің тілдік қорын байыту, тілге деген қызығушылығын арттыру, қазақша ойлау деңгейін жоғарылату мақсатында мектебімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Айымгүл Айсақова мен Айнұр Кенжеболатова “БЭСТ” гимназиясы арулары” атты сайыс өткізді.

 

Сайыс “Таныстыру”, “Білімді мыңды жығар”, “Өнер сайысы”, “Кім көп сөз біледі?”, “Ас – адамның арқауы” деген бес кезеңнен тұрды. Сайыс барысында мұғалімдер мен басқа да қызметкерлер бар өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, Оксана Дурнева, Ирина Батурина, Юлия Турукина, Наталья Страхова, Анастасия Туякова, Алла Гаврилова, Мария Гельд, Евгения Цисарь сияқты мұғалімдер қазақ ұлтының тағамдарын дайындап, қазақша ән айтып, ерекше өнер көрсетті.

Қазылар алқасының төрайымы, мектеп директоры Надежда Заиченко сайыскерлерге оң бағасын мемлекеттік тілде берді. Өткізілген сайыс “БЭСТ” гимназиясының ұжымы үшін маңызы зор іс-шара болды деп ойлаймыз. Алдағы уақытта осындай қызықты іс-шаралар өткізіліп отырса, мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта түседі деп сенуге болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp