«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮМІТ ТӘТЕЙДІ ҮЛГІ ТҰТАМЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бағдат ЖАҚСЫБАЕВА, Шайзат БҰҚТЫБАЕВА, Гүлзат ТЕМІРБЕКОВА,

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат тәрбиешілері.

“Жақсыдан – шарапат” деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Осындай ілтипатқа лайық, ізгі де аяулы жандардың бірі ­­– Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың интернат меңгерушісі Үміт Сандыбаева.

Тәрбие саласында көп жылдар бойы талмай еңбек етіп келе жатқан Үміт Нұрбайқызымен қызметтес болғанымызға 13 жылдай уақыт өтіпті. Осы жылдар ішінде оның талай жетістіктеріне куә болдық.

 

Біз осы гимназия-интернатта еңбек жолын бастаған кезімізде Үміт Нұрбайқызы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Сол кезде ол кісінің тәжірибелі маман ретінде айтқан ақыл-кеңестері жеке өмірімізге де, еңбек жолымызға да мол септігін тигізді.

Үміт Нұрбайқызы – аталмыш мектеп-интернаттың түлегі. Бүгінде өзі түлеп ұшқан ұясында шәкірттеріне жүрек жылуын бөліп, төңірегіндегі әріптестеріне үлгі болып жүр.

Интернатты жанындай сүйетін Ү.Сандыбаева көп жылдық еңбегі үшін бірнеше Алғыс хаттармен, дипломдармен, сый-ақылармен марапатталды, сонымен қатар 2000 жылы омырауына “Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі” төс-белгісі қадалды.

Үміт Нұрбайқызының өмір тәжірибесі де үлгі боларлықтай. Ұл-қыз өсіріп тәрбиелеп отырған қадірлі ана, отбасының ұйытқысы болып отырған асыл жар. Сонымен қатар бүгінгі күні жиен сүйіп отырған аяулы әже.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп ұлы Абай айтқандай, жүрген жүрісі, киген киімі, мінез-құлқы балалар түгіл, үлкендерге де өнеге. Біз Үміт Нұрбайқызын өз ісінің білікті маманы, адамгершілігі мол жан деп білеміз және сол үшін де құрмет тұтамыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp