«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ – МІНДЕТІМІЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында жастарға ерекше басымдық берілді. Себебі, біз – тәуелсіз еліміздің ертеңіміз. Мемлекеттің жаңа бағыты, оның жарқын болашағы біздің қолымызда. Елбасы бізге қоғамның қозғаушы күші ретінде ерекше сенім білдіріп отыр.

Қуаныш МӘМЕТОВ,

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттер кәсіподағы ұйымының төрағасы.

Бүгінде жас ұрпаққа барлық жағдай жасалып отыр. Атап айтатын болсақ, жастардың алға қойған мақсаттарын орындауға, заман талабына сай білім алуына, табысты жұмыс істеуіне, әлемді тануына, жаңа жетістіктерге жетуіне мемлекет тарапынан бар мүмкіндік туғызылған.

Бүгінгі таңда облысымызда 148 мыңдай жас болса, өңірде тіркелген 57 жастар ұйымы сүбелі үлестерін қосуда. Мысалы, мен басқарып отырған СҚМУ студенттер кәсіподақ ұйымының жемісті жұмыс істеп жатқанына да бірнеше жыл болды. Оған осы уақыт ішінде жетекшілік еткен белсенділердің әрбіреуі өзіндік жаңашылдық енгізуге тырысты. Нәтижесінде кәсіподақ жүйесі белсенді жұмыс істей бастады. Соның арқасында студенттер өздерінің құқықтарымен жете танысты. Сонымен қоса өз мамандықтары бойынша білім алуға, бойларындағы тума дарындарын одан әрі дамыту мақсатында түрлі үйірмелерге, саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық іс-шараларға қатысуға, қоғамдық өмірде белсенді болуға үйренді. Сөйтіп, студенттердің кәсіподақ ұйымы жас азаматтардың мақсаттарын орындау үшін барынша қолдау көрсетеді. Соңғы уақытта облыстық жастар ұйымдарымен бірлесе отырып, қолға алған іс-шараларымыз баршылық. Алдағы уақытқа жоспарлаған шараларымызды жүзеге асыруға жоғары оқу орнының бірінші және екінші курс студенттерін тартпақпыз.

 

Сондай-ақ жуырда СҚМУ-де облыстық жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарманың бастығы Виктор Молодовскийдің төрағалығымен өткен конференцияда қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының көшбасшылары бас қосқан болатын. Шарада облыс жастарының әлеуметтік жағдайы да тыс қалмады. Жастарды толғандырған басты мәселелерді олардың өздері ортаға салды.

Аталмыш жиында өңір жастарының мәселелері қызу талқыланып, ұтымды ұсыныстар жасалған еді. Сондай ұсыныстардың бірі – университеттің сайтына облыстық жастар ұйымдары жайында ақпарат орналастырып, студенттерді бірінші курстан бастап қоғамдық жұмысқа тарту қажеттілігі. Ол алдағы уақытта жүзеге асады деп сенемін.

Ұзақмерзімді қамтитын “Қазақстан – 2050” Стратегиясы болашаққа, жас ұрпақ пен жастарға арналып отыр. Оның жүзеге асырылуы барлығымызға қатысты. Сол себепті де одан ешкім тыс қалмауы керек.

Біздің бүгінгі бағытымыз айқын. Ол – Қазақстанның гүлденуі жолында аянбай еңбек етіп, үлкен табыстарға жету.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp