Жуырда Алматы қаласында жастар және жасөспірімдер арасында муай-тай бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Оған қатысқан өңірлік спортшылар 2 алтын, 1 күміс пен 1 қола олжалады.
Бәсекелі сайыста өз салмақ дәрежелерінде қарсыластарынан басым түскен жерлестеріміз Евгений Огородник (71 кг.) мен Нұржамал Каменова (51 кг.) – І орын, Алена Кузнецова (57 кг.) – ІІ, ал Салтанат Жұмабаева (63,5 кг.) ІІІ орынды иеленді.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.