«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОНАҒЫМЫЗ – БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Таэквондодан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Чилманов облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатта оқушылармен кездесті.

Атырау қаласында АӘД және дене шынықтыру мен спорт аймақтық орталығы бастығының орынбасары қызметін атқаратын Арман Чилманов кездесуге қатысқан балаларға 13 жыл бойы таэквондомен айналысып келгенін әңгімеледі.

Петропавлға жұмыс бабымен келіп, оқушылармен кездесуге уақытын бөлген Арман Чилманов өңірімізде спорттың дамуына жоғары баға берді. Кездесуге келген жастар кәсіпқой спортшыға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оның тәжірибесі туралы сұрап білді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp