«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.03.2013

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

2013 жылғы 7 наурызда облыстық сайлау комиссиясының кезекті мәжілісі болып, онда мынадай мәселелер қаралды: 2013 жылғы 15 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутатының сайлауында таңдаушыларға сайлау бюллетеньдерін беру жауапкершілігі жүктелетін облыстық сайлау комиссиясы мүшелерін бөлу туралы. Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен мәжілісіне қатысатын Сенат депутаттығына кандидаттардың сенім …

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ Read More »

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен мәжілісі 2013 жылғы 15 наурызда сағат 10-да Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының ғимаратында (Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к.,1) өткізіледі. Депутаттардың қатысуы қатаң түрде міндетті. Облыстық сайлау комиссиясы.

МАҚСАТ – ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

Петропавл құрылыс-экономика колледжінде “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” жанындағы кәсіпкерлікті қолдау орталығы соңғы курс студенттерімен кездесу өткізді. “Жастар кәсіпкерлігін дамыту” тақырыбындағы шара алдағы уақытта бизнеспен шұғылданушыларға мемлекеттік қолдаудың тетіктері туралы ақпарат беруді мақсат етті. Оған “Атамекен” одағы” Ұлттық экономикалық палатасы мен “СҚО-ның белсенді жастары” үкіметтік емес ұйымының өкілдері, 60-тан астам студент қатысты. Кездесу барысында “Бизнестің жол …

МАҚСАТ – ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ Read More »

КӘСІПКЕРЛЕР ЖӘРДЕМҚАРЖЫ АЛЫП, БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРЕДІ

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтың төрағалығымен “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Онда екінші деңгейдегі банк кредиттері бойынша кепілдік беруге және сыйақы ставкасын қаржыландыруға арналған өтінімдер, шағын және орта бизнес өкілдерін топ-менеджментке оқыту, кәсіпкерлік субъектілеріне тегін сервистік қызмет көрсетудің техникалық сипаттамалары қаралды. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік …

КӘСІПКЕРЛЕР ЖӘРДЕМҚАРЖЫ АЛЫП, БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРЕДІ Read More »

АҚҚАЙЫҢ “АҚСАП”, АРТТА ҚАЛЫП, ТАЙЫНША “ТӨРТТІККЕ” ЕНІП ТҰР

Жеңіс ЕРМҰҚАНОВ, журналист. Өткен аптада облыс әкімі Самат Ескендіров Аққайың және Тайынша аудандарында жұмыс сапарымен болып, олардың экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіштерімен танысты. Аққайың ауданы даму деңгейі бойынша 8-орында. Әсіресе, ауыл шаруашылығының әлеуеті, балабақшамен қамту және кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары сын көтермейді. Осы орайда облыс әкімі Самат Ескендіров аудан активімен кездесіп, аталған мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ облыс …

АҚҚАЙЫҢ “АҚСАП”, АРТТА ҚАЛЫП, ТАЙЫНША “ТӨРТТІККЕ” ЕНІП ТҰР Read More »

МАРИНАНЫҢ ҰМЫТЫЛМАС МЕРЕКЕСІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл да 8 наурыз қарсаңында қоғамда өз орнын тауып, еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ қыз-келіншектермен кездесті. Президенттің барша қазақстандық әйелдерге айтқан ізгі тілегін естіп, бетпе-бет жүздескен нәзік жанды 21 отандасымыздың арасында жерлесіміз Марина Венинг те болды. Астанадан оралған бетінде онымен сұхаттасудың сәті түскен еді. – Марина Ивановна, биылғы әйелдер …

МАРИНАНЫҢ ҰМЫТЫЛМАС МЕРЕКЕСІ Read More »

ӘЙЕЛДЕР – ТАТУЛЫҚ пен КЕЛІСІМ ТІРЕГІ, ҰЛТТЫҚ ҮРДІСТЕРІМІЗДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

7 наурызда Ақордада Халықаралық әйелдер күніне орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен “Көктем шуағы” атты кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі. Кездесуге сан түрлі кәсіп өкілдері – әскери қызметшілер, кәсіпкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет пен өнер қайраткерлері шақырылды. Қазақстан Президенті қатысушыларды алдағы Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. – Бүгінде мемлекеттің әйелдерге деген …

ӘЙЕЛДЕР – ТАТУЛЫҚ пен КЕЛІСІМ ТІРЕГІ, ҰЛТТЫҚ ҮРДІСТЕРІМІЗДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ Read More »

АНАЛАР мен АРУЛАР АРДАҚТАЛДЫ

7 наурызда облыс әкімі Самат Ескендіров Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында облыстың белсенді қыз-келіншектерін Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиналыста құттықтады. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш өнер ордасының табалдырығын аттаған әр нәзік жанға қызғалдақ гүлін табыс етумен басталған риясыз құрмет салтанатты шараға ұласты. – Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналардың қай …

АНАЛАР мен АРУЛАР АРДАҚТАЛДЫ Read More »

2013 ЖЫЛҒЫ АҚПАНДАҒЫ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ

Ақпанда біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы бір адамға шаққанда 15367 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 9220 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 6147 теңге болды. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей: 0-13 жасқа дейінгі балалар – 12186 теңге, жасөспірімдер 14-17 жасқа дейінгі (ер балалар) …

2013 ЖЫЛҒЫ АҚПАНДАҒЫ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ Read More »

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Жанар ТАЛАСПАЕВА, Тіл және әдебиет институтының директоры, филология ғылымының кандидаты, доцент. Қазақстан Тәуелсіздік алып, әлемдік ақпарат кеңістігіне дербес шыға бастағалы бері латын графикасына көшу мәселесі туындағаны рас. 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: “Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын …

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК Read More »

БІЗДІҢ ФИЛИАЛ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

Бақыт СӘБИЕВА, Ұлттық банк облыстық филиалының бөлім бастығы. 2013 жылғы ақпан айында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде 2012 жылдың жұмыс қорытындысы туралы Ұлттық банктің аумақтық филиалдары мен департаменттерінің есептері тыңдалды. Жыл ішінде атқарған жұмыс қорытындылары туралы 28 ақпанда біздің облыстық филиал да есеп берді. Ұлттық банктің аумақтық филиалдарының қызметі мен рейтингін бағалау тәртібін басшылыққа алған комиссия …

БІЗДІҢ ФИЛИАЛ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ Read More »

Құрметті ардагерлер!

Облыстық мәдениет басқармасымен, қалалық мәдениет мекемелерінің жетекшілерімен келісім бойынша ардагерлер зейнеткерлік куәліктерін көрсете отырып, билеттер бағасының 50 пайыздық жеңілдігімен мына мекемелерде бола алады: – С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды- драма театрының репертуарға сәйкес бүкіл спектакльдері (телефоны: 41-15-51); – қалалық Мәдениет үйіндегі барлық мәдени-бұқаралық шаралар; – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының сенбі сайын сағат 18.00-дегі …

Құрметті ардагерлер! Read More »

АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМДАРЫ ЕСЕП БЕРЕДІ

“Ардагерлердің бастауыш ұйымдарында кезекті есеп беру-сайлау науқанын өткізу туралы” “Ардагерлер ұйымы” республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төралқасының қаулысына сәйкес үстіміздегі жылғы наурыз-сәуір айларында облыстың ардагерлер бірлестіктерінің төменгі буындарында есеп беру-сайлау науқаны өткізіледі.   Есеп беру-сайлау жиналыстары 202 ауылдық округте, 405 ауыл мен қалада, 590 бастауыш ұйымда ардагерлерді тоғыстырады. Жиналыстарға ауылдық округтердің әкімдері, түрлі мемлекеттік органдар …

АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМДАРЫ ЕСЕП БЕРЕДІ Read More »

“ИСЛАМ ДІНІ ӘЙЕЛГЕ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАЙДЫ”

ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы  Қайрат Лама ШАРИФ: “ИСЛАМ ДІНІ ӘЙЕЛГЕ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАЙДЫ” Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің “Қазақстан – 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды бірінші орынға қойды.   Мемлекет басшысының: “Бойжеткен, әйел заты әрдайым …

“ИСЛАМ ДІНІ ӘЙЕЛГЕ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАЙДЫ” Read More »

АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА азаматтық қоғамды дайындау

Наталья ТАРАКАНОВА, ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы тұрғындарды, аумақтарды қорғау, даярлау және оқыту бөлімінің бас маманы.   ТЖД қызметкерлері Петропавлдағы “БЭСТ” гимназиясында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған спорттық эстафета өткізді. Аталмыш шара бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдайларда тұрғындардың іс-әрекет етуге даярлығын көтеру, азаматтық қорғаныстың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аудару, сол сияқты саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында …

АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА азаматтық қоғамды дайындау Read More »

ПОЛИЦЕЙЛЕР мен ЖАСТАР БІРЛЕСТІ

СҚО ІІД-де “STOP Қылмыс” шарасы бастау алды. “Жас Отан” жастар қанатының өкілдері шараның алғашқы күні аталмыш департаментте болып, жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.   СҚО ІІД мен “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырып отырған шара құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. “Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы Самат Жәкенов аталмыш шара барысында жастарды полицейлермен бірлесуге шақырды. …

ПОЛИЦЕЙЛЕР мен ЖАСТАР БІРЛЕСТІ Read More »

“СОЛТҮСТІК – 2013” МЕРЕКЕСІНІҢ ЖАЛАУЫ ТҮСІРІЛДІ

Мамлют ауданының орталығында “Солтүстік – 2013” ауылдық қысқы спорт мерекесінің ақтық кезеңі өтті. Дәстүрлі додаға 13 ауданнан 213 спортшы қатысуға тілек білдіріп, спорттың 7 түрінен сынға түсті. Жылына бір рет келетін спорт мерекесі бес күнге созылды. Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі бірінші, екінші орындарды Қызылжар мен Мамлют аудандарының құрамалары еншіледі. Ал үшінші орынды тайыншалықтар жеңіп алды. …

“СОЛТҮСТІК – 2013” МЕРЕКЕСІНІҢ ЖАЛАУЫ ТҮСІРІЛДІ Read More »

ЕЛІК ЕТІН БҰЗЫП ЖАТҚАНДА ҰСТАЛДЫ

Өткен демалыс күндері облыс аумағында екі заңсыз аң аулау фактісі тіркелді. Ерлан МАХМЕТОВ, СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы. Шал ақын ауданы Новопокровка елді мекенінің табиғат ресустарын қорғау қызметкері жақын маңдағы ауылда қар көлігінің және еліктің іздерін байқаған. Бір шикілікті сезген ол бірден аудандық ішкі істер бөліміне хабарласқан. Оқиға орнына тездетіп жеткен жедел тергеу тобы мән-жайды …

ЕЛІК ЕТІН БҰЗЫП ЖАТҚАНДА ҰСТАЛДЫ Read More »

АКЦИЯ АЯҚТАЛДЫ

Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша рейдтер жүргізушілердің жол үстіндегі қырағылығын арттыру үшін жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан облысының сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушылары мен ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының қызметкерлері бірлесіп 16 рейдтік шара жүргізді. Оның барысында 1000-нан астам автокөлік құралының жүргізушісі тексерілді, жалпы сомасы 1,5 млн. теңгеден астам 186 айыппұл төленді. Бір айға созылған …

АКЦИЯ АЯҚТАЛДЫ Read More »

Алғысқа бөленген ақсақал

Зағипа АХМЕТОВА,   журналист.   “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” дейтін аталы сөзге сүйенсек, бірнеше жыл Қызылжар ауданына қарасты Трудовая Нива ауылында тұрып, кейін облыс орталығындағы Жұмысшы кентіне көшіп кеткен Жетпісбай Смағұлов ақсақал туралы жергілікті тұрғындардың айтары мол. – Жыл сайынғы Рамазан айында ауыз бекітуді, Құрбан айт мерекесінде Құрбан шалуды уағыздап, жастарды бірлікке жұмылдырып, имандылыққа …

Алғысқа бөленген ақсақал Read More »