«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА азаматтық қоғамды дайындау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наталья ТАРАКАНОВА,

ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы тұрғындарды, аумақтарды қорғау, даярлау және оқыту бөлімінің бас маманы.

 

ТЖД қызметкерлері Петропавлдағы “БЭСТ” гимназиясында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған спорттық эстафета өткізді.

Аталмыш шара бейбіт және соғыс кезіндегі төтенше жағдайларда тұрғындардың іс-әрекет етуге даярлығын көтеру, азаматтық қорғаныстың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аудару, сол сияқты саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Әр адам қарсыластардың шабуылынан өзін және өзінің отбасын қорғай білуді, әртүрлі төтенше жағдайларда бірінші кезекте атқаратын іс-қимылдарды, оның зардаптарын дұрыс жоюды, өзіне және зардап шеккендерге көмек көрсетуді меңгеруге тиіс. Ол үшін бейбіт кезде жаппай қырыпжою қаруларынан және төтенше жағдайлардан қорғану құралдары мен негізгі тәсілдерді іс жүзінде көріп, зерттеп алулары қажет.

Азаматтық қорғаныс күнін өткізуге 11-сынып оқушылары қатысты. Шара бағдарламасына сәйкес 12.00-де ішкі дауыс күшейткіш байланыс арқылы “Барлығыңның назарыңа!” дабылы беріліп, гимназияның спорт залына қатысатын үш команда жиналды.

Жарыс 7 турда өтті: командалардың сапқа тұруы, противогаз кию, дәрігерге дейін көмек көрсету және “зардап шеккенді” тасымалдау, кедергілерден өту, құтқару қызметі телефондарын білуін тексеру, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар тақырыбы бойынша сөзжұмбақ құру. ТЖД қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасы тапсырмалардың орындалу жылдамдығы мен сапасына қарай әр кезеңге баға беріп отырды. Балалар өз жанкүйерлерінің белсенді қолдауымен тапқырлық пен сауаттылық танытып, барлық сынақтардан мүдірмей өтті.

Эстафета аяқталысымен шараның қорытындысы шығарылып, командаларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp