«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҚСАТ – ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл құрылыс-экономика колледжінде “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” жанындағы кәсіпкерлікті қолдау орталығы соңғы курс студенттерімен кездесу өткізді. “Жастар кәсіпкерлігін дамыту” тақырыбындағы шара алдағы уақытта бизнеспен шұғылданушыларға мемлекеттік қолдаудың тетіктері туралы ақпарат беруді мақсат етті. Оған “Атамекен” одағы” Ұлттық экономикалық палатасы мен “СҚО-ның белсенді жастары” үкіметтік емес ұйымының өкілдері, 60-тан астам студент қатысты.

Кездесу барысында “Бизнестің жол картасы – 2020” аясында “Damu Start-up” және “Бизнес-кеңесші” бағдарламалары арқылы грант беру жағдайлары айтылды. Соған орай өз ісін жаңа бастаған субъектілерге ерекшелігі мен жаңашылдығы бар жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін өтеусіз және қайтарылмайтын негізде 3 млн. теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетілетіндігі, оның шарттары мен мақсаттары кеңінен сөз болды.

– “Бизнес-кеңесші” бағдарламасы аясында курстардан өту біздің түлектер үшін, өз ісін жаңа бастаған басқа кәсіпкерлерге қарағанда, бәсекелестік артықшылығын алуға жасалып отырған зор мүмкіндік, – дейді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Құлжанова.

“Жастар кәсіпкерлігін дамыту” кездесуінің нәтижесінде аталмыш колледжде “Бизнес-кеңесші” бағдарламасы аясында “Кәсіпкерліктің экспресс-курсы” тренинг-оқуын жоспарлы түрде өткізу туралы оқу орны басшылығымен келісім жасалды.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp