СҚО ІІД-де “STOP Қылмыс” шарасы бастау алды. “Жас Отан” жастар қанатының өкілдері шараның алғашқы күні аталмыш департаментте болып, жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.
СҚО ІІД мен “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырып отырған шара құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. “Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы Самат Жәкенов аталмыш шара барысында жастарды полицейлермен бірлесуге шақырды. Мәселен, белсенді ұл-қыздардың қатысуымен алдын алу рейдтері, сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау бойынша студенттер арасында сауалнама жүргізу, әлеуметтік желілердегі жұмыс, “Эко-Сақшы” жобасын жүзеге асыру, жедел топтар құру сияқты шаралар жүзеге асырылады.
Осыған орай СҚО ІІД-нің бастығы Мұрат Ұрұмханов пен “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Пішенбаев бірлескен құжатқа қол қойды.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.