«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“СОЛТҮСТІК – 2013” МЕРЕКЕСІНІҢ ЖАЛАУЫ ТҮСІРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют ауданының орталығында “Солтүстік – 2013” ауылдық қысқы спорт мерекесінің ақтық кезеңі өтті. Дәстүрлі додаға 13 ауданнан 213 спортшы қатысуға тілек білдіріп, спорттың 7 түрінен сынға түсті.

Жылына бір рет келетін спорт мерекесі бес күнге созылды. Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі бірінші, екінші орындарды Қызылжар мен Мамлют аудандарының құрамалары еншіледі. Ал үшінші орынды тайыншалықтар жеңіп алды. Жарыстың үздік құрамасы атанған жергілікті командаға облыс әкімінің бас жүлдесі – “ГАЗель” автокөлігінің кілті табысталды.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp