Ақпанда біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы бір адамға шаққанда 15367 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 9220 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 6147 теңге болды.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей: 0-13 жасқа дейінгі балалар – 12186 теңге, жасөспірімдер 14-17 жасқа дейінгі (ер балалар) – 19426 теңге, (қыздар) – 14884 теңге, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті жастағы ер адамдар – 18329 теңге, әйелдер – 14559 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 14382 теңге.
Аудан орталықтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы – 15501 теңге, Петропавл қаласы бойынша – 15118 теңге.