«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛІК ЕТІН БҰЗЫП ЖАТҚАНДА ҰСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен демалыс күндері облыс аумағында екі заңсыз аң аулау фактісі тіркелді.

Ерлан МАХМЕТОВ,

СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.

Шал ақын ауданы Новопокровка елді мекенінің табиғат ресустарын қорғау қызметкері жақын маңдағы ауылда қар көлігінің және еліктің іздерін байқаған. Бір шикілікті сезген ол бірден аудандық ішкі істер бөліміне хабарласқан.

Оқиға орнына тездетіп жеткен жедел тергеу тобы мән-жайды анықтау мақсатымен із бойымен жүріп отырып, Новопокровка ауылында аң етін бұзып жатқан үй қожайынының сенегіне келген.

Күдіктінің үйін тінту барысында оның қорасынан тағы бір өлі аң еті мен ешқайда тіркелмеген екі аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. Шал ақын аудандық ішкі істер бөлімінің полиция лейтенанты Сайран Қалиевтің айтуынша, заңсыз аң аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілу үстінде.

Ал екінші заңсыз аң аулау оқиғасын жол сақшылары сол күні облыс орталығына кіреберісте анықтаған. Тәртіп сақшылары көлікті тексеру барысында аң еті мен аңшы мылтығын тауып алған. Қазіргі кезде толығырақ мағлұмат жиналуда. Бұл – жыл басынан тіркелген алтыншы заңсыз аң аулау фактісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp