ПЕТРОПАВЛҒА КӨКШЕТАУЛАТЫП БАРАМЫЗ…
Тайынша ауданындағы 85 жылдық тарихы бар Қарағаш ауылының тумасымын. Қазағы қалың ауылымыз кезінде Қазақстанның отыз жылдығы атындағы, кейін “Абай” кеңшарының орталығы болған. Елді мекеніміз Тайынша қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 37 шақырым жерде орналасқан. Бұрынғы кеңшарлар тарағанымен, еліміз азып-тоза қойған жоқ. Ақ қайыңдар алқабындағы Қарағаш өзінің бәз баяғы қалпын сақтап, көштен қалмай келеді. Оған Сергей Звольский басқаратын …